Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 25.02.2017
Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметi туралы 
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 20 қаңтардағы № 240-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2017 жылғы 25 ақпаннан бастап ҚР 10.01.2017 жылғы № 44-VI Заңына сәйкес
Редакция 29.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметiн жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу , Азаматтық іс жүргізу кодекстерімен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленеді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы ғылыми білім – сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы;
2) сарапшының қорытындысы – Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат;
2-тармақша өзгертілді  ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) сот-сараптама қызметi – сот сараптамасы органдары мен сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі;
4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия – Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат;
4-тармақша өзгертілді  ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (04.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі – сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі;
6) сот-сараптамалық зерттеу әдісі – сот сараптамасының нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын қисындық және (немесе) құрал-саймандық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі;
7) сот сараптамасы – шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын зерттеу;
8) сот сараптамасының нысанасы – сот сараптамасын жүргізу жолымен анықталатын қылмыстық, азаматтық істерді не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді шешу үшін маңызы бар мән-жайлар;
9) сот сараптамасы объектiлерi – заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған сот сараптамасының нысанасына жататын мәліметтер;
10) сот сараптамасы органдары – Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғалар;
10-тармақша өзгертілді  ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11) сот сараптамасы органының басшысы – сот сараптамасы органының сот-сараптама қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адам (сот сараптамасы органының бірінші басшысы, сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы);
12) сот сарапшысы – осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн, қылмыстық процестi жүргiзушi орган (адам), сот не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған адам;
12-тармақша өзгертілді  ҚР 02.07.2013 жылғы № 113-V Заңымен (20.01.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
13) сот сарапшысы мамандығы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының ғылыми құзыреттілігі;
Полная версия
ИС BestProfi