Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру және еңбек мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 9-IV Заңы
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2001 жылғы 12 маусымдағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 11-12, 168-құжат; 2002 ж., N 6, 73, 75-құжаттар; N 19-20, 171-құжат; 2003 ж., N 1-2, 6-құжат; N 4, 25-құжат; N 11, 56-құжат; N 15, 133, 139-құжаттар; N 21-22, 160-құжат; N 24, 178-құжат; 2004 ж., N 5, 30-құжат; N 14, 82-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; N 24, 153-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 4, 5-құжаттар; N 3, 22-құжат; N 4, 24-құжат; N 8, 45, 46-құжаттар; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 85-құжат; N 16, 97, 98, 103-құжаттар; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16, 18-құжаттар; N 3, 20-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 37, 40-құжаттар; N 9, 67-құжат; 10, 69-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 102, 105-құжаттар; N 15, 106-құжат; N 18, 144-құжат; N 20, 152-құжат):
1) 100-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын;
2) 144-баптың 27) тармақшасы алып тасталсын;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік мекемелердің есепті айға есептеген әлеуметтік салық сомасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша төленген әлеуметтік жәрдемақы сомасына кемітіледі.";
2-тармақтағы "жәрдемақылардың" деген сөз "жәрдемақының" деген сөзбен ауыстырылсын.
2. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., N 9, 65-құжат; N 19, 147-құжат; N 20, 152-құжат):
1) мазмұнындағы "ақылы демалыс" деген сөздер "демалыс" деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 15-баптың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының мөлшерін, оны тағайындау және төлеу тәртібін айқындайды;";
3) 50-баптың 3-тармағындағы "жүктілігі мен босануына байланысты берілетін жәрдемақыларды қоспағанда," деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтың 1), 2) тармақшаларындағы "ақылы" деген сөз алып тасталсын;
тақырыптағы "жәрдемақылар" деген сөз "жәрдемақы" деген сөзбен ауыстырылсын;
Полная версия
ИС BestProfi