Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодекстеріне және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне есірткінің заңсыз айналымы саласындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылығы 27 маусымдағы N 50-IV Заңы
Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 15-16, 211-құжат; 1998 ж., N 16, 219-құжат; N 17-18, 225-құжат; 1999 ж., N 20, 721-құжат; N 21, 774-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., N 4, 32, 33-құжаттар; N 10, 106-құжат; N 17, 155-құжат; N 23-24, 192-құжат; 2003 ж., N 15, 137-құжат; N 18, 142-құжат; 2004 ж., N 5, 22-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139-құжат; 2005 ж., N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 2, 19-құжат; N 3, 22-құжат; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 72-құжат; N 15, 92-құжат; 2007 ж., N 1, 2-құжат; N 4, 33-құжат; N 5-6, 40-құжат; N 9, 67-құжат; N 10, 69-құжат; N 17, 140-құжат):
1) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің мәтіні бойынша "жүйкеге әсер ететін" деген сөздер "психотроптық" деген сөзбен ауыстырылсын;
үшінші бөлік "49-бабының бірінші бөлігінде" деген сөздерден кейін ", 250-бабының төртінші бөлігінде, 259-бабының төртінші бөлігінде, 260-бабының төртінші бөлігінде, 261-бабының төртінші бөлігінде" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өмір бойы бас бостандығынан айыру аса ауыр қылмыс жасағаны үшін, сондай-ақ өлім жазасына балама ретінде белгіленуі мүмкін. Өмір бойы бас бостандығынан айыру әйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға және үкім шығару кезінде алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.";
"есірткілік немесе басқа да", "медициналық емес тұрғыда" деген сөздер алып тасталсын;
"заттарды тұтынуға" деген сөздерден кейін "не уытқұмарлыққа" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші бөліктің екінші абзацындағы "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз" деген сөздер "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен ауыстырылсын;
г) тармағындағы "бойынша жасалса -" деген сөздер "бойынша;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы д) тармағымен толықтырылсын:
"д) есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -";
екінші абзацтағы "мүлкі тәркіленіп немесе онсыз" деген сөздер "мүлкі тәркіленіп," деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер, -
Полная версия
ИС BestProfi