Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстеріне сот жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 10 желтоқсандағы № 227-IV Заңы
. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж, № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар):
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Егер адам бұрын жасаған қылмысы үшін сотталған не заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қылмыс бірнеше рет жасалған деп танылмайды.";
2) 58-баптың төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы үшінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Егер қылмыстардың жиынтығына кіретін қылмыс үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы тағайындалатын болса, онда түпкілікті жаза өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе тиісінше өлім жазасы түрінде тағайындалады.";
3) 59-баптың үшінші бөлігіндегі "Егер осы Кодекстің Ерекше бөлімінің бабында (бабының бөлігінде) айқындаушы белгі ретінде қылмыс жасаған адамның соттылығына сілтеме болса, сондай-ақ осы" деген сөздер "Осы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"дейінгі" деген сөзден кейін ", ал кәмелетке толмағандарға алты айдан бір жылға дейінгі" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
"Шартты түрде сотталғандағы сынақ мерзімі кезеңінде ауыр емес немесе орташа ауыр қылмысты қайталап жасаған кезде де кәмелетке толмағандарға шартты түрде соттау қолданылуы мүмкін.";
төртінші бөліктегі "кішігірім ауырлықты қасақана қылмыс" деген сөздер "ауыр емес қасақана қылмыс, ал шартты түрде сотталған кәмелетке толмаған адам ауыр емес, орташа ауыр қылмыс" деген сөздермен ауыстырылсын;
бесінші бөліктегі "орташа ауырлықтағы" деген сөздер "– орташа ауыр" деген сөздермен ауыстырылып, "жасаған" деген сөздің алдынан ", ал кәмелетке толмаған адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 72-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Сотталған жүкті әйелдердің жазаны өтеуін сот бір жылға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жас балалары бар сотталған әйелдердің жазасын орындауды сот бала он төрт жасқа толғанға дейін кейінге қалдыруы мүмкін. Жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталған жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуі кейінге қалдырылмайды.";
Полная версия
ИС BestProfi