Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің», «Парламент Мәжілісі мен», «Парламентi Мәжiлiсiнiң және», «Парламентiнiң және мәслихаттарының», «Парламент депутаттарын», «Парламенттiң депутаттарын», «Парламент депутаттарының», «Қазақстан Республикасы Парламенті», «Парламент және мәслихаттар», «Парламент, мәслихаттар», «Парламенттiң және мәслихаттардың», «Парламент Мәжiлiсiнiң және», «Парламент Мәжiлiсiнiң», «Парламент Мәжілісі депутаттарының», «Парламент депутаты», «Парламенттiң, мәслихаттардың», «Мәжілістің депутаттарын», «Парламент, мәслихат», «Республика Парламентi депутаттарын», «Парламент депутаттығына», «Мәжіліс Төрағасының», «Парламент депутаттары», «Республика Парламентi Мәжiлiсiнiң», «Мәжiлiс депутаттары», «Парламент немесе Парламент Мәжілісі», «Парламенттiң немесе Парламент Мәжілісінің», «Парламентті немесе Парламент Мәжілісін», «Мәжiлiс депутаттығына», «Парламент Мәжілісінің депутаттығына», «Парламент Мәжілісі депутаттарын», «Мәжiлiс депутаттарының», «Мәжiлiс депутаттарын», «Мәжiлiс депутаттары», «Парламент Мәжілісінің депутатын» деген сөздер тиісінше «Құрылтайының», «Құрылтай мен», «Құрылтайы мен», «Құрылтайы мен мәслихаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Қазақстан Республикасының Құрылтайы», «Құрылтай мен мәслихаттар», «Құрылтай, мәслихаттар», «Құрылтай мен мәслихаттардың», «Құрылтай мен», «Құрылтайдың», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаты», «Құрылтайдың, мәслихаттардың», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай, мәслихат», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай Төрағасының», «Құрылтай депутаттары», «Қазақстан Республикасы Құрылтайының», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай», «Құрылтайдың», «Құрылтайды», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттығына», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттарының», «Құрылтай депутаттарын», «Құрылтай депутаттары», «Құрылтай депутатын» деген сөздермен; «Республика азаматтарының», «Республикадағы», «Республика азаматының», «Республика Президентiн», «Республиканың», «Республика аумағында», «Республика сайлау комиссияларының», «Республика Үкiметiне», «Республика Президенттiгiне», «Республика бойынша», «Республика астанасы», «Республика заңдарына», «Республика Президентi», «Республика Сыртқы», «Республика азаматтары», «республикадағы», «Республика Президентінің», «Республика Конституциялық Кеңесінің», «Республика Президентіне», «Республика астанасының», «Республика Конституциялық Сотының», «Республика Премьер-Министрiнiң», «Республиканы», «Республика мәслихаттары», «Республика Конституциясында» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы азаматтарының», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы азаматының», «Қазақстан Республикасының Президентін», «Қазақстан Республикасының», «Қазақстан Республикасының аумағында», «Қазақстан Республикасы сайлау комиссияларының», «Қазақстан Республикасының Үкiметiне», «Қазақстан Республикасының Президенттiгiне», «Қазақстан Республикасы бойынша», «Қазақстан Республикасының астанасы», «Қазақстан Республикасының заңдарына», «Қазақстан Республикасының Президенті», «Қазақстан Республикасының Сыртқы», «Қазақстан Республикасының азаматтары», «Қазақстан Республикасындағы», «Қазақстан Республикасы Президентінің», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің», «Қазақстан Республикасының Президентіне», «Қазақстан Республикасы астанасының», «Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының», «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң», «Қазақстан Республикасын», «Қазақстан Республикасының мәслихаттары», «Қазақстан Республикасының Конституциясында» деген сөздермен ауыстырылды; «таңдаушылар», «(таңдаушылардың)», «(таңдаушылар)», «таңдаушылардың», «таңдаушы», «(таңдаушы)», «(таңдаушыларға)», «(таңдаушылармен)», «(таңдаушының)» деген сөздер алып тасталды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар
1-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттарын,  аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Құрылтай мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы сайлау Қазақстан Республикасы азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
1. Қазақстан Республикасының Президентін, Құрылтайы мен мәслихаттарының депутаттарын,  аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша – әкімдерді), өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.06.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Қазақстан Республикасы азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
3-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.
3-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Құрылтай, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.1998 жылғы №222-I Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сайлауға сот әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
3-тармақ өзгертілді ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңымен (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Мыналар:
4-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 05.05.1998 жылғы №222-I Конституциялық Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 14.04.2004 жылғы № 545 Конституциялық Заңымен (28.06.1999ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 15.04.2005 жылғы № 44 Конституциялық Заңымен(14.04.2004ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 124-IV Конституциялық Заңымен(19.06.2007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.06.2026 жылғы № 305-VIII Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сотталғандығы заңда белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Құрылтайының, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болуға кандидат бола алмайды.
Полная версия
ИС BestProfi