Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің, мәслихаттардың депутаттарын, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін және өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға дайындық және оны өткiзу кезінде, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын кері шақырып алу кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және Республика азаматтарының ерiк бiлдiру бостандығын қамтамасыз ететiн кепiлдiктердi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы
Редакция 07.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жалпы бөлiм
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Конституциялық заңмен реттелетін қатынастар
1-бап өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 1-бап өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Сайлау бостандығы
Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркiн жүзеге асыруына негiзделедi.
3-бап. Сайлау құқығы принциптерi
1. Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар, аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін (бұдан әрі осы Конституциялық заңның мәтіні бойынша – әкімдерді), өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
1-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Республика Парламентi Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жағдайында өткiзiледi.
3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.
3-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Сайлауға дайындық және оны өткізу кезінде шетелдің араласуына жол берілмейді.
3-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-бап. Жалпыға бiрдей сайлау құқығы
1. Жалпыға бiрдей белсендi сайлау құқығы - Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы.
2. Бәсең сайлау құқығы – Қазақстан Республикасы азаматтарының Президент, Парламент, мәслихат депутаты, әкім немесе өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органының мүшесі болып сайлану құқығы.
2-тармақ өзгертілді ҚР 05.05.1998 жылғы №222-I Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Сайлауға сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған, сондай-ақ сот үкiмiмен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды.
4. Мыналар:
4-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 05.05.1998 жылғы №222-I Конституциялық Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 06.05.1999 жылғы №375 Конституциялық Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 14.04.2004 жылғы № 545 Конституциялық Заңымен (28.06.1999ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 15.04.2005 жылғы № 44 Конституциялық Заңымен(14.04.2004ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақ өзгертілді ҚР 09.02.2009 жылғы № 124-IV Конституциялық Заңымен(19.06.2007ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
2) сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам Қазақстан Республикасының Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттығына, әкім болуға кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 41-VII Заңымен (25.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (07.02.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия