Близость слов: Окончание:





Редакция 19.09.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданды
Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүзiлiк қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы жоғары жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып осы Конституцияны қабылдаймыз.
1. Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары.
2. Республика қызметiнiң түбегейлi принциптерi: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкiл халықтың игiлiгiн көздейтiн экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмiрiнiң аса маңызды мәселелерiн демократиялық әдiстермен, оның iшiнде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
1. Қазақстан Республикасы - президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет.
2. Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi.
3. Республиканың əкімшілік-аумақтық құрылысы, оның елордасының мəртебесі заңмен белгіленеді. Қазақстанның елордасы Астана қаласы болып табылады.
3-тармақ өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.03.2019 жылғы № 238-VІ Заңына сәйкес (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 17.09.2022 жылғы № 142-VII Заңына сәйкес (08.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1. Астана қаласының шегінде конституциялық заңға сәйкес қаржы саласында ерекше құқықтық режим белгіленуі мүмкін.
2-бап 3-1-тармақпен толықтырылды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақ өзгертілді ҚР 23.03.2019 жылғы № 238-VІ Заңымен (10.03.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1-тармақ өзгертілді ҚР 17.09.2022 жылғы № 142-VII Заңымен (08.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Қазақстан Республикасы және Қазақстан атауларының мәнi барабар.
1. Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы - халық. 2. Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi.
3. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады.
Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар. Республика Үкiметi мен өзге де мемлекеттiк органдар мемлекет атынан оларға берiлген өкiлеттiктерi шегiнде ғана билiк жүргiзедi.
4. Республикада мемлекеттiк билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау принципiне сәйкес жүзеге асырылады.
1. Қазақстан Республикасының Президентi: "Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепiлдiк беруге, Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзiме жүктелген мәртебелi мiндетiн адал атқаруға салтанатты түрде ант етемiн", - деп халыққа ант берген сәттен бастап қызметiне кiрiседi.
2. Ант беру қаңтардың екінші сəрсенбісінде салтанатты жағдайда Парламент депутаттарының, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот судьяларының, сондай-ақ Республиканың экс-Президенттерінің қатысуымен өткізіледі. Конституцияның 48-бабында көзделген жағдайда Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіне қабылдаған адам Республика Президентінің өкілеттігін қабылдаған күнінен бастап бір ай ішінде ант береді.
2-тармақ өзгертілді ҚР 07.10.1998 жылғы №284 Заңымен
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.06.2022 жылғы Заңына сәйкес (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
3. Республика Президентiнiң өкiлеттiгi жаңадан сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметiнен мерзiмiнен бұрын босатылған немесе кетiрiлген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерiнiң бәрiнiң, қызметiнен кетiрiлгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президентi деген атағы болады.
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР 07.10.1998 жылғы №284 Заңына сәйкес
5. Бiр адам бір реттен артық Республика Президентi болып сайлана алмайды.
5-тармақ өзгертілді ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР 08.06.2022 жылғы Заңымен (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
5-тармақ өзгертілді ҚР 17.09.2022 жылғы № 142-VII Заңымен (08.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлдi органның депутаты болуға, өзге де ақы төленетiн қызметтердi атқаруға және кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ алынып тасталды ҚР 21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс.
43-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 08.06.2022 жылғы Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға хақысы жоқ.
43-бап 4-тармақпен толықтырылды ҚР 08.06.2022 жылғы Заңына сәйкес (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
1) Қазақстан халқына елдегi жағдай мен Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы жыл сайын жолдау арнайды;
2) Республика Парламентіне және оның Палатасына кезекті және кезектен тыс сайлау тағайындайды; Парламенттің бірінші сессиясын шақырады және оның депутаттарының Қазақстан халқына беретін антын қабылдайды; Парламенттің кезектен тыс сессиясын шақырады; Парламент ұсынған заңға бір ай ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады;
2)-тармақша өзгертілді ҚР  21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша өзгертілді ҚР 08.06.2022 жылғы Заңымен (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
3) Парламент Мәжілісінде өкілдігі бар саяси партиялар фракцияларымен консультациялардан кейін келісім беру үшін Мәжілістің қарауына Республика Премьер-Министрінің кандидатурасын енгізеді; Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды; Республиканың Премьер-Министрін қызметтен босатады; Премьер-Министрдің ұсынуымен Үкіметтің құрылымын айқындайды; Парламент Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министр енгізген ұсынумен Үкімет мүшелерін қызметке тағайындайды; сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлерін қызметке дербес тағайындайды; Үкімет мүшелерін қызметтен босатады; Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; ерекше маңызды мәселелер бойынша қажеттігіне қарай Үкімет отырыстарына төрағалық етеді;
3)-тармақша өзгертілді ҚР  21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңына сәйкес (02.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 08.06.2022 жылғы Заңымен (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
4) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасын, Ұлттық Банкінің Төрағасын, Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасын, Бас Прокурорын жəне Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасын қызметке тағайындайды; оларды қызметтен босатады;
4)-тармақша өзгертілді ҚР  21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.06.2022 жылғы Заңына сәйкес (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
5) Республика Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарды құрады, таратады және қайта құрады, олардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
5)-тармақша өзгертілді ҚР  21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
6) Республика дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;
7) Орталық сайлау комиссиясының Төрағасын және екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның Төрағасын және екі мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды;
7)-тармақша өзгертілді ҚР 07.10.1998 жылғы №284 Заңымен
7)-тармақша өзгертілді ҚР  21.05.2007 жылғы №254 Заңымен (07.10.1998 ж. редакцияны қараңыз)
7-тармақша өзгертілді ҚР 08.06.2022 жылғы Заңымен (23.03.2019 ж. редакцияны қараңыз)(қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 10.03.2017 жылғы № 51-VI Заңымен (02.02.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.03.2017 жылы № 51 (28430) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi