Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 553-IV Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; № 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 15 және 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 15, 16 және 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өту кезiнде запастағы азаматтар; әскери бөлiмдердiң, құрамалардың, мекемелердiң азаматтық персоналы өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты немесе осы бөлiмдердiң, құрамалардың және мекемелердiң орналасқан жерiнде жасаған барлық қылмыстар туралы iстер бойынша – әскери полиция органдары анықтау органдары болып табылады.
Сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған барлық қылмыстар туралы істер бойынша – Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары;»;
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақпен толықтырылсын:
«9-1) күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі;»;
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы баптың екінші, үшінші, бесінші, 5-1, жетінші, 7-1, сегізінші, 8-1, 8-2, 8-3, 8-4 және тоғызыншы бөліктерінде көрсетілген қылмыстар туралы істер бойынша алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті емес және анықтау материалдары істі сотта қарау үшін негіз болып табылады.»;
екінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 142 (бірінші бөлігінде), 145 (бірінші және екінші бөліктерінде), 175 (бірінші бөлігінде), 187 (бірінші бөлігінде), 230 (бірінші бөлігінде), 251 (бірінші және төртінші бөліктерінде), 257 (бірінші бөлігінде), 288 (бірінші бөлігінде), 296, 298 (бірінші және екінші бөліктерінде), 299 (бірінші бөлігінде), 300 (бірінші бөлігінде), 302 (бірінші бөлігінде), 333 (екінші бөлігінде)-баптарында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізе алады.»;
мынадай мазмұндағы 5-1-бөлікпен толықтырылсын:
«5-1. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары анықтауды осы баптың бесінші бөлігінде көзделген қылмыстар туралы істер бойынша, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері жасаған, алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес, өзге де барлық қылмыстар бойынша жүргізеді.»;
8-1-бөлігіндегі «, 325» деген цифрлар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-4-бөлікпен толықтырылсын:
«8-4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 325-бабында көзделген қылмыстар туралы істер бойынша анықтауды, егер олар күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және тізбесі Заңда белгіленген күзетілетін адамдарға қарсы тікелей бағытталған болса, қылмыстық істі қозғаған ішкі істер, қаржы полициясы органы немесе Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі жүргізеді.»;
3) 288-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Полная версия
ИС BestProfi