Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 548-IV Заңы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Редакция 10.07.2012 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 1997 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 15-16, 211-құжат; 1998 ж., № 16, 219-құжат; № 17-18, 225-құжат; 1999 ж., № 20, 721-құжат; № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 6, 141-құжат; 2001 ж., № 8, 53, 54-құжаттар; 2002 ж., № 4, 32, 33-құжаттар; № 10, 106-құжат; № 17, 155-құжат; 23-24, 192-құжат; 2003 ж., № 15, 137-құжат; № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 5, 22-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139-құжат; 2005 ж., № 13, 53- құжат; № 14, 58-құжат; № 21-22, 87-құжат; 2006 ж., № 2, 19-құжат; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 12, 72-құжат; № 15, 92-құжат; 2007 ж., № 1, 2-құжат; № 4, 33-құжат; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 17, 140-құжат; 2008 ж., № 12, 48-құжат; № 13-14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126-құжат; 2009 ж., № 6-7, 32-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 71, 73, 75-құжаттар; № 17, 82, 83-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 127, 128, 130-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 11, 59-құжат; № 15, 71-құжат; № 20-21, 119-құжат; № 22, 130-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 19, 28-құжаттар; 2011 жылғы 16 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2011 жылғы 19 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2011 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 3 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская равда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне ұйымдасқан қылмысқа, террористік және экстремистік қызметке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 29 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2011 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2011 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) бүкіл мәтін бойынша «жануарлар немесе өсімдіктер», «жануарлар мен өсімдіктер» деген сөздер «өсімдіктер немесе жануарлар» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) мазмұнында 290-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер»;
3) 183-баптың екінші бөлігінің г) тармағы алып тасталсын;
б) тармағындағы «құстар мен аңдарды» деген сөздер «жануарларды» деген сөзбен ауыстырылсын;
«не онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
екінші бөліктегі «немесе онсыз» деген сөздер алып тасталсын;
«290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен, сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе) олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз іс-әрекеттер
Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою , -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»;
Полная версия
ИС BestProfi