Близость слов: Окончание:





Мәдениет туралы 
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207-III Заңы
Құжат мәтініндегі «мұражай», «мұражайларға», «мұра­жай­лардың» сөздері «музей», «музейлерге», «музей­лердің» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңы бойынша (19.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасында мәдениетті жасау, қайта түлету, сақтау, дамыту, тарату және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мәдениет саласындағы мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірме – педагог, тәлімгер, мәдениет қызметкері немесе шығармашыл қызметкер өткізетін, тұрақты негізде ұйымдастырылатын, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған сабақ;
1-тармақша өзгертілді ҚР 27.05.2010 жылғы №280-IV Заңымен (27.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (02.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) баспа өнімі – мерзімді баспасөз басылымдары, кітаптар, брошюралар, альбомдар, плакаттар, буклеттер және өзге де полиграфиялық өнім;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.05.2010 жылғы №280-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2020 жылғы № 370-VI Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.11.2020 жылдан бастап)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (02.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.05.2010 жылғы №280-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2-тармақша алынып тасталды ҚР 03.01.2019 жылғы № 213-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.05.2010 жылғы №280-IV Заңына сәйкес(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3-тармақша алынып тасталды ҚР 03.01.2019 жылғы № 213-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) басылымның міндетті тегін данасы – редакциялық-баспа өңдеуінен өткен, шығарылым деректері бар және осы Заңда айқындалатын мәдениет ұйымдарына өтеусіз негізде берілуге жататын қағаз жеткізгіштегі және (немесе) электрондық нысандағы басылым (мәтіндік, ноталық, картографиялық, бейнелеу басылымы) данасы;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (02.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5) көркем құндылықтар – шығармашылық қызмет нәтижесінде жасалған мәдениет, әдебиет және өнер туындылары;
1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 395-VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) көтермелеудің салалық жүйесі - саланы дамытуға қосқан үлесі үшін мәдениет, әдебиет және өнер қызметкерлерін моральдық ынталандыру нысаны;
2-тармақша өзгертілді ҚР 27.05.2010 жылғы №280-IV Заңымен (27.05.2010 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс
2-1) креативті индустриялар – жеке және заңды тұлғалардың креативті қызметінің нәтижелерін жасау, шығару, қайта жаңғырту және жаппай тарату жөніндегі индустриялар;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2015 жылғы № 368-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2015 жылы № 208 (28686) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (22.01.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2020 жылғы № 370-VI Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.11.2020 жылдан бастап)
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-2) креативті қызмет – шығармашылық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға байланысты экономикалық қызмет түрлері;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2020 жылғы № 370-VI Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.11.2020 жылдан бастап)
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-3) Қазақстан кітапханаларының жиынтық электрондық каталогы – Қазақстан Республикасы кітапханаларының қорлары туралы библиографиялық мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 60-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.11.2020 жылғы № 370-VI Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.11.2020 жылдан бастап)
2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-4) Қазақстан Республикасының баспасөз архиві (бұдан әрі – баспасөз архиві) – Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорындағы баспа өнімінің жиынтығы;
1-бап 2-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.11.2020 жылғы № 370-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 14.11.2020 жылдан бастап)
2-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (29.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-5) Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұрасы – ұрпақтан-ұрпаққа берілетін және материалдық емес мәдени құндылық болып табылатын салттар, түсiнiктер мен пайымдардың нысандары, бiлiм мен дағдылар, сондай-ақ оларға байланысты құралдар, заттар;
1-бап 2-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
2-6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік музей қоры каталогы – Қазақстан Республикасының музей қорына енгізілген барлық музей заттары және музей коллекциялары туралы мәліметтер қамтылған электрондық ақпараттық ресурс;
1-бап 2-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
3) Қазақстан Республикасы халқының мәдени мұрасы - мемлекеттік маңызы бар және өзге мемлекеттерге беру құқығынсыз Қазақстан Республикасына ерекше тиесілі мәдени құндылықтар жиынтығы;
Полная версия
ИС BestProfi