Близость слов: Окончание:





Тұқым шаруашылығы туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 ақпандағы № 385-II  Заңы
Мәтін бойынша «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік орган», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органға», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органды», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органның», «тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілеттік мемлекеттік органдардың», «тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік органмен» деген сөздер «уәкілеттік орган», «уәкілетті органға», «уәкілетті органды», «уәкілетті органның», «уәкілетті органдардың», «уәкілеттік органмен» деген сөздермен  өзгертілді  ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «рұқсат етiлген» және «жіберілген» сөздері «ұсынылатын» сөзімен ауыстырылды ҚР 27.11.2015 жылғы № 424-V Заңы бойынша (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.12.2015 жылы № 231 (28709) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерiн белгiлейдi және тұқым шаруашылығы жүйесiнiң ұйымдастырылуы мен жұмыс iстеуi және ауыл шаруашылық өсiмдiктерiнiң тұқымдарын өндiру, дайындау, өңдеу, сақтау, тасымалдау, сату мен пайдалану iсiн мемлекеттік бақылау мәселелерiн реттеуге бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (27.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2) аттестаттау - жеке және (немесе) заңды тұлғалардың тұқым шаруашылығы субьектісінің мәртебесіне сәйкестігін анықтау (растау);
3) аттестаттау туралы куәлiк – мемлекеттiң тұқым шаруашылығы саласындағы аттестатталған субъектiлердiң қызметiн тануын айғақтайтын, өз құзыреті шегінде облыстың (республикалық маңызыбар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы берген құжат;
3-тармақша өзгертілді  ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2014 жылғы № 203-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.05.2014 жылы № 97 (28321) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) ауыл шаруашылық өсімдіктері - дәнді, дәнді-бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;
5) байқаудан өткiзушi – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың тиісті жергiлiктi атқарушы органына ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiнiң сорттық егiстерiн байқаудан өткiзу жөніндегі қызметтің басталғандығы туралы хабарлаған жеке тұлға;
5-тармақша өзгертілді  ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
5-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012 жылғы № 36-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)  31.07.2012 жылғы № 436-441 (27515) "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
6) бақылау сынақтары - ауыл шаруашылық өсімдігінің сорт белгілерінің сақталуын және әр түрінің осы сортқа сәйкестігін анықтау;
7) бірегей тұқымдар - ауыл шаруашылық өсімдігі сортының авторы, ол уәкілдік берген адам немесе сорттың оригинаторы өсіріп шығарған және элиталық тұқымдарды өндіруге арналған тұқым;
8) бірінші, екінші және үшінші көбейтілген тұқымдар - тұқымдар элитасының жылдар бойынша кейіннен өсіріп-өндірілуі: бірінші жыл - бірінші көбейтілген тұқым, екінші жыл - екінші көбейтілген тұқым, үшінші жыл - үшінші көбейтілген тұқым;
9) егістерді байқаудан өткізу - ауыл шаруашылық өсімдіктері егістерінің сорттық сапаларын: сорттық тазалығын, сортқа тәнділігін, арамшөптер басу, ауруға шалдығу және зиянкестерден бүліну дәрежесін анықтау;
10) жерге егіп бағалау - тұқымдардың белгілі бір түрге, сортқа жататындығы мен сорттық тазалығын оларды арнаулы учаскелерде егу және өсімдіктер бойынша сорттық сапаларын кейіннен тексеру жолымен анықтау;
11) зертханалық сорттық сынақтар - тұқымдардың белгілі бір сортқа тиістілігін белгілеу және зертханалық талдау жүргізу жолымен тұқымдардың сорттық тазалығын анықтау;
12) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12-1) Ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия - өсімдік сорттарының патент қабілеттілігін және шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан өткізуді және сынауды жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарауындағы ұйым;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен
Полная версия
ИС BestProfi