Близость слов: Окончание:





Өсімдіктерді қорғау туралы 
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 3 шілдедегі № 331-II Заңы
Құжат мәтініндегі «(улы химикаттарды)», «(улы химикаттар)», «(улы химикаттардың)» және «(улы химикаттың)» деген сөздер алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 09.07.2004 жылғы №584 Заңымен (03.06.2002ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы №209 Заңымен (31.12.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы сақтау орындары (көмiндiлер) - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi, сондай-ақ олардың ыдыстарын кейіннен кәдеге жарату немесе жою арқылы қауіпсіз сақтауға арналған сақтау орындары;
1-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы №383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
2) арнаулы техника - пестицидтердi қолдануға арналған құрылғы және (немесе) жабдық;
3) ауыл шаруашылық мақсатындағы объектiлер - ауыл шаруашылық және өзге де жерлер, өсiмдiк шаруашылығы өнiмiн өндiруге, сақтауға және қайта өңдеуге арналған астық сақтау орындары, көкөнiс сақтау орындары, қоймалар, ашық алаңдар, өндiрiстiк және өзге де үй-жайлар;
4) аса қауiптi зиянды организмдер – оқтын-оқтын жаппай көбеюге және таралуға бейiм, экономикалық, экологиялық залал келтiретiн және уәкілетті орган бекiтетiн аса қауiптi зиянды организмдер тiзбесiне  енгiзiлген зиянкестер мен өсiмдiктер аурулары;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) биоагенттер – табиғи жағдайларда көбейетін, зиянды, аса қауіпті зиянды организмдердің, сондай-ақ карантинді объектілердің тіршілік әрекетін жоятын және (немесе) басатын, өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын организмдер;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) зиянды организмдер - топыраққа, өсiмдiкке және ауыл шаруашылық өнiмiне терiс әсер ететiн зиянкестер, арамшөптер және өсiмдiктердiң аурулары;
6) зиян тигiзудiң экономикалық шегi - зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдердiң өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң ысырабын туғызатын, фитосанитариялық iс-шараларды жүргiзудi қажет ететiн саны;
7) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау (бұдан әрі – мемлекеттік фитосанитариялық бақылау) – уәкілетті орган ведоствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және байқау жөніндегі қызметі, оның нәтижелері бойынша жедел ден қоюсыз құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
7-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2011 жылғы №452-IV Заңымен (10.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін  3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (05.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) өсiмдiктердi қорғау - өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң зиянды және ерекше қауiптi зиянды организмдерден ысырабын болғызбау мақсатымен фитосанитариялық мониторинг әдiстерiн, фитосанитариялық iс-шараларды әзiрлеуге және практикада қолдануға бағытталған қызмет саласы;
8-1) өсімдіктерді қорғау құралдары – өсімдіктерді қорғау мақсатында қолданылатын пестицидтер, биоагенттер, сондай-ақ техникалық және басқа да құралдар;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) өсiмдiк шаруашылығы өнiмi - халықтың - тамақ өнiмдерiне, мал шаруашылығының - жемшөпке және өнеркәсiптiң шикiзатқа деген қажеттерiн қанағаттандыруға арналған өнiм;
10) пестицидтер – зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге, карантинді объектілер мен бөтен текті түрлерге, сақталатын ауыл шаруашылығы өнімінің зиянкестеріне қарсы күрес үшін, сондай-ақ тұқымдарды дәрілеу, егінді жинау алдында құрғатып алу, жапырақтарды түсіру және өсімдіктердің өсуін реттеу үшін пайдаланылатын химиялық және (немесе) биологиялық препараттар (инсектицидтер, родентицидтер, фунгицидтер, гербицидтер, өнуге қарсы құралдар және өсімдіктердің өсуін реттеушілер, дефиолианттар, десиканттар);
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) пестицидтердi залалсыздандыру - тыйым салынған немесе жарамсыз болып қалған пестицидтердi және олардың ыдыстарын, сондай-ақ пайдаланылған пестицидтердің ыдыстарын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәдеге жаратуға, жоюға бағытталған iс-шаралар;
11-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы №383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
11-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) пестицидті мемлекеттік тіркеу – нәтижесі бойынша тіркелушіге (өтініш берушіге) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пестицидке арналған тіркеу куәлігі берілетін рәсім;
12-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) пестицидтердiң бастапқы компоненттерi - пестицидтердi өндiруге арналған химиялық және басқа да заттар;
Полная версия
ИС BestProfi