Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-III Заңы
2015 жылғы 1 қаңтардан бастап құжат мәтініндегі «ставкаларды», «ставкаларымен», «ставкалар», «проценттік», «процентінен» сөздері «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелерімен», «мөлшерлемелер», «пайыздық», «пайызынан» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 31.12.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырылады - ҚР 10.06.2024 жылғы № 90-VІIІ Заңына сәйкес (өзгерту 12.12.2024 ж., 01.01.2025 ж., 01.01.2028 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 27.03.2007 жылғы № 242 Заңымен (08.07.2005 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 26.07.2007 жылғы № 313 Заңымен (27.03.2007 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (16.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1) аграрлық азық-түлік нарығы - ауыл шаруашылығы өнімі мен оның тереңдете қайта өңделген өнімдерін сатып алумен, өткізумен және олардың айналымының өзге де элементтерімен байланысты қатынастардың жиынтығы;
2) агрометеорологиялық мониторинг - жер бетіндегі агрометеорологиялық желі арқылы байқау жүргізуге бағытталған іс-шаралар жиынтығы; агротехникалық жұмыстарды жоспарлау жөніндегі ақпаратты жинау, беру, талдау мен өңдеу жүйесі және ауыл шаруашылығы мүддесіне орай агрометеорологиялық болжамдар жасау;
3) агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы өнімдерін өндіруді, дайындауды, сақтауды, тасымалдауды, қайта өңдеуді және өткізуді, сондай-ақ тамақ өнеркәсібін, оларды қазіргі заманғы техникамен, технологиялық жабдықпен, ақшамен, ақпараттық және басқа да ресурстармен қамтамасыз ететін ілеспе өндірістер мен қызмет салаларын, ветеринариялық-санитариялық және фитосанитариялық қауіпсіздікті, ғылыми қамтамасыз ету мен кадрлар даярлауды қамтитын экономика салаларының жиынтығы;
3-1) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – сақтандырудың ақпараттық жүйесі) – агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың электрондық шарттарын жасасуды, тараптарды белгілі бір уақыт кезіне сәйкестендіруді және агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандырудың жасалған электрондық шарттары мен олардың тараптары туралы дерекқорды (мәліметтер жиынтығы) жүргізуді қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйе;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 06.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру саласындағы оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған, жалғыз акционері мемлекет болып табылатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдинг құрамына кіретін акционерлік қоғам;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 06.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілері - агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
5) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5-тармақша өзгертілді ҚР 13.06.2013 жылғы №102-V Заңы бойынша (10.07.2012 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 5-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесі - орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ мамандандырылған ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық-маркетингтік және консультациялық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық, техникалық, электрондық ақпараттық ресурстарының бірыңғай жүйесі;
6-1) агротехникалық (дақылдық-техникалық) мелиорациялық іс-шаралар – өзіне:
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2013 жылғы №102-V Заңы бойынша (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
мелиорацияланатын жерлерді ағашты және шөптесін өсімдіктерден, тастардан және өзге де заттардан тазартуды;
терең қопсытуды, құмдауыттандыруды, топырақтандыруды, плантаждауды, сазбалшықтандыруды;
топырақты қорғау іс-шараларын қамтитын, жерді түбегейлі жақсарту жөніндегі техникалық іс-шаралар кешені;
6-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-2-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 6-3-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (02.04.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) азық-түлік тауарлары - адамның тағамына пайдалануға арналған ауыл шаруашылығы, балық өнімі және олардың тереңдете қайта өңделген өнімдері, сондай-ақ ауыз су мен тұз;
Полная версия