Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы 
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-II Заңы
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 23.11.2010 жылғы № 354-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.11.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 23.11.2010 жылғы № 354-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) арнаулы көрсетілетін әлеуметтік қызметтерге мұқтаж бала (балалар) – Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында көзделген қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тыныс-тіршілігі бұзылған және осы мән-жайларды өз бетінше немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтын бала (балалар);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-анасының ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасының хабарсыз кетті деп танылуына, қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемесінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 16.11.2023 № 40- VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;
3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар;
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функцияларды қалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөніндегі іс-шаралар;
4-1) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.05.2022 жылғы № 118-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2023 жылғы № 19-VIII Заңы​на сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (15.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 20.08.2024 жылдан бастап)
5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтік ортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі;
5-тармақша өзгертілді ҚР 13.04.2005 жылғы № 40 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеуші, баланы қабылдайтын ата-аналар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбие беруді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар;
6-тармақша өзгертілді ҚР 09.04.2016 жылғы № 501-V Заңымен (04.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2017 жылдан бастап)
7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішінде кәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттер жасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелетке толмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақ жұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кіші балалардың еңбегі;
8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;
8-1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тәлімгерлік (бұдан әрі – тәлімгерлік) – жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы он жасқа толған жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз бетінше өмір сүруге дайындауға жеке қолдау мен көмек көрсетуге бағытталған қызмет;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-2) жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәлімгері (бұдан әрі – тәлімгер) – тәлімгерлік туралы үлгілік шарт негізінде тәлімгерлікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының кәмелетке толған азаматы;
1-бап 8-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi