Близость слов: Окончание:





Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV Заңы
Құжат мәтіндегі «индустриялық-инновациялық» деген сөздер «өнеркәсіптік-инновациялық» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.12.2021 жылғы № 87-VII Заңына сәйкес (08.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 08.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Ұлттық әл-ауқат қорының құқықтық жағдайын, қызмет тәртібін, мақсаттарын, міндеттері мен өкілеттіктерін, Ұлттық әл-ауқат қоры мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін, сондай-ақ акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардың және Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін өзге де ұйымдардың құқықтық жағдайының жекелеген ерекшеліктерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жанама иелену – Қордың әрбір келесі ұйымының өзге ұйымның акцияларын (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерін) меншік немесе сенімгерлік басқару құқығында иеленуі;
2) компаниялар – ұлттық даму институттары, ұлттық компаниялар және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі басқа да заңды тұлғалар;
3) Қордың даму жоспары – Қордың тобына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын (құндылығын) ұлғайтуға, Қордың тобына кіретін активтерді тиімді басқаруға бағытталған, Қордың компанияларды басқару жөніндегі миссиясын, болжап көруін, мақсаты мен міндеттерін айқындайтын және негіздейтін құжат;
3-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қордың тобы – Қор, компаниялар, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компанияларға тиесілі олардың еншілес ұйымдары, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы компаниялардың көрсетілген еншілес ұйымдарына тиесілі, осы Заңмен өздеріне қатысты арнаулы құқықтық жағдай белгіленетін заңды тұлғалар.
кепілге салынған акцияларын (қатысу үлестерін) сату жөніндегі сауда-саттық Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өткізілмеді деп жарияланған кезде акциялары (қатысу үлестері) Қордың тобына кіретін банктің меншігіне келіп түскен заңды тұлғалар;
банк кредиторларының мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша Қордың меншігіне келіп түскен банктер кірмейді;
5) Ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – Қор) – ұлттық басқарушы холдинг.
2-бап. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді, осы Заңнан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңнамасыжәне Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасы Қордың тобына қолданылады.
4. Қазақстан Республикасының инвестициялық және венчурлік қорлар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге кіретін компанияларға қолданылмайды.
4-тармақ өзгертілді ҚР 04.07.2018 жылғы № 174-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-бап. Қордың акцияларына меншік мәселелері
Полная версия
ИС BestProfi