Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 Өкімі
Осы редакция 13.11.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды
Республикалық баспасөзде мазмұны жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Құқықтық саясатының тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі және қылмысқа қарсы күрес саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын және 1-қосымшаға сәйкес дербес құрамы бекітілсін.
2. 2-қосымшаға сәйкес Кеңес туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Үкіметтің бұрын шығарылған актілерін осы өкімге сәйкес келтірсін;
2) осы өкімнен туындайтын қажетті ұйымдастырушылық және өзге де шараларды қабылдасын.
3) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 03.12.2004 жылғы № 513 Өкімімен. ( 27.01.2004 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қылмысқа қарсы күрестің жекелеген мәселелері бойынша" 2001 жылғы 29 мамырдағы N 214 өкімі 1-тармағының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 19 ақпандағы
N 303 өкімімен бекітілген
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР 11.04.2003 жылғы № 374 Өкімімен. ( 13.11.2002 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия

