Близость слов: Окончание:





Халықтың көші-қоны туралы
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 22 шілдедегі № 477-IV Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 04.07.2023 жылғы № 15-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2030 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «қандасдарға», «қандасдар» және «қандасдарды» деген сөздер тиісінше «қандастарға», «қандастар» және «қандастарды» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 13.05.2020 № 327-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң халықтың көші-қоны саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, көші-қон процестерінің құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Ата жолы» картасы – халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен бизнес-көшіп келушілерге не этникалық қазақтар қатарынан сұранысқа ие кәсіптері бар адамдарға он жылға дейінгі мерзімге, бірақ азаматтығы бар ел паспортының қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге берілетін белгіленген нысандағы құжат;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) бұрынғы отандас – Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туған немесе бұрын азаматтығында болған және шетелде тұрақты тұратын адам;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету – қандастар мен олардың отбасы мүшелеріне қоғамға бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында көрсетілетін (ақпараттық, заңдық, әлеуметтік, медициналық және білім беру) қызметтер кешені;
3) келуге және кетуге берілетін рұқсат (бұдан әрі – виза) – осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының көшіп-қонушының паспортындағы немесе оны ауыстыратын құжатындағы белгісі не осыған уәкілеттік берілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының ақпараттық жүйедегі белгісі, ол визада белгіленген уақытқа, мақсаттарда және шарттармен Қазақстан Республикасының аумағына келуге, оның аумағы арқылы жүріп-тұруға, онда болуға және Қазақстан Республикасының аумағынан кетуге құқық береді;
3-тармақша өзгертілді ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) еңбек көші-қоны – еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жеке тұлғалардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс аударуы;
4-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсат – жұмыс беруші жеке тұлғалардың үй шаруашылығында жұмыстар орындау (қызметтер көрсету) үшін еңбекші көшіп келушіге берілетін, белгіленген нысандағы құжат;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 10.12.2013 жылғы № 153-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.12.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (11.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттігі – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелген, еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) заңсыз көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың келу және болу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитті жол жүруді бұза отырып, Қазақстан Республикасына келуі және Қазақстан Республикасында болуы;
6) заңсыз көшіп келуші – келу және болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасында болатын шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) корпоративішілік ауыстыру – Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдің аумағында құрылған, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде орналасқан және жұмыс істейтін заңды тұлғада Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы заңды тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына, еншілес ұйымдарына, өкілдіктеріне басшы, менеджер немесе маман лауазымында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды еңбек шартында айқындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге, еңбек шартын бір жылға ұзарту құқығымен уақытша ауыстыру;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 365-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.04.2023 жылғы № 226-VII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) көшіп келу – шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
8) көшіп келуші – Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;
9) көші-қон – жеке тұлғалардың бір мемлекеттен екінші мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті түрде немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударуы;
10) көшіп-қонушы – себебі мен ұзақтығына қарамастан, Қазақстан Республикасына келген және Қазақстан Республикасынан кеткен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішінде қоныс аударушы адам;
Полная версия
ИС BestProfi