Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік мүлік туралы Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV Заңы
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-Бөлім. Мемлекеттік мүлік туралы негізгі ережелер
1-тарау. Мемлекеттік мүлікті басқару туралы жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аудандық коммуналдық заңды тұлғалар – аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары құрған аудандық мемлекеттік кәсіпорындар мен аудандық мемлекеттік мекемелер;
2) аудандық коммуналдық мүлік – ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мүлкі, оның ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың бюджеті және аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мүлік, сондай-ақ аудандық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлік;
2-1-тармақша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңының 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес 2-1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық мүлкі (бұдан әрі – жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі) – аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің мүлкі, оның ішінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің қаражаты, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп берілген және (немесе) бекітіп берілмеген мүлік;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-2-тармақша алынып тасталды ҚР 08.06.2021 жылғы № 48-VII Заңына сәйкес (13.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының шешімімен құрылған, акцияларының бақылау топтамасы мемлекетке тиесілі, өңірдің экономикасын дамытуға жәрдемдесуді жүзеге асыратын, акционерлік қоғам нысанындағы өңірлік даму институты;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4) байқау кеңесінің тәуелсіз мүшесі – осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғасы болып табылмайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде ондай тұлға болмаған, осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларына қатысты үлестес тұлға болып табылмайтын; осы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның немесе осы мемлекеттік кәсіпорынның үлестес тұлғаларының – ұйымдарының лауазымды адамдарына бағынышты болумен байланысты емес және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде сол тұлғаларға бағынышты болумен байланысты болмаған; мемлекеттік қызметші болып табылмайтын; аудиторлық ұйым құрамында жұмыс істейтін аудитор ретінде осы мемлекеттік кәсіпорынның аудитіне қатыспайтын және өзі байқау кеңесіне сайланар алдындағы үш жыл ішінде мұндай аудитке қатыспаған байқау кеңесінің мүшесі;
1-бап 2-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2018 жылғы № 208-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 15.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) даму жоспары – мемлекеттік кәсіпорынның, акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бесжылдық кезеңге арналған негізгі қызмет бағыттарын және қаржы-шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін айқындайтын құжат;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2021 жылғы № 95-VII Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) есепке алу объектісі – мемлекеттік мүлік тізілімінде есепке алынатын мемлекеттік мүлік;
6) жекешелендіру – мемлекеттік мүлікті мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясына сатуды қоспағанда, мемлекеттің осы Заңда белгіленген арнайы рәсімдер шеңберінде мемлекеттік мүлікті жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға сатуы;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (16.04.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6-1-тармақша халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңының 2-бабының 1-тармақшасына сәйкес 6-1) жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғалары – мүлкі аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 90-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) коммуналдық заңды тұлғалар – мүлкі коммуналдық меншікте тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер;
8) коммуналдық мүлік – әкімшілік-аумақтық бөліністердің мүлкі;
Полная версия