Мақта саласын дамыту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі № 298-ІІІ Заңы
Осы Заң күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР 05.01.2021 жылғы № 409- VI Заңына сәйкес
Құжат мәтініндегі «сарапшы ұйым», «сарапшы ұйымды», «сарапшылық ұйымға», «сарапшы ұйымның», «сарапшылық ұйымның», «сарапшылық ұйым» сөздері «сараптама ұйымы», «сараптама ұйымын», «сараптама ұйымына», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымының», «сараптама ұйымы» сөздерімен ауыстырылды ҚР 21.07.2015 жылғы № 336-V Заңы бойынша (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заң мақта саласын дамытудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және Қазақстан Республикасында мақтаны өндіру, дайындау, сатып алу, өңдеу, сақтау және өткізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 21.07.2015 жылғы № 336-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) мақта дайындау ұйымы – шитті мақта сатып алуды және дайындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 21.07.2015 жылғы № 336-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелердiң орындалуына кепiлдiк беру қоры - мақта өңдеу ұйымдарының өздерi берген мақта қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан мақта қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында өз қызметiн жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет - шитті мақтаны сақтау; мақта талшығы мен мақта тұқымын сақтау, беру және шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу жөніндегі мақта өңдеу ұйымдары жүзеге асыратын қызмет;
9) мақта қолхаты - шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға қабылдап алғанын растау үшiн мақта өңдеу ұйымы беретiн қосарлы қойма куәлiгi;
10) мақта қолхатын ұстаушы - мақта өңдеу ұйымына шиттi мақтаны сақтауға және (немесе) бастапқы өңдеуге; мақта талшығын және мақта тұқымын сақтауға өткiзген мақта иесi; мақта қолхатында индоссамент жасалған жағдайларда - индоссат;
11) мақта нарығына қатысушылар – шитті мақтаны өндіруге, дайындауға, сатып алуға, оны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеуге және мақтаны өткізуге қатысатын жеке және заңды тұлғалар;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.07.2015 жылғы № 336-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
12) мақта нарығының мониторингi - мақта нарығына қатысушылар жүзеге асыратын мақтаны өндiрудi, өңдеудi, сақтауды және өткізудi қоса алғанда, мақта нарығы деректерiн жинауға, пысықтауға және талдауға бағытталған iс-шаралар жиынтығы;
13) мақтаның сапасы – стандарттау жөнiндегi құжаттардың талаптарына сәйкестiгiн анықтайтын мақтаның тұтыну қасиеттерiнiң жиынтығы;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)