Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.06.2018
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы № 291-IV Заңы
Осы Заң күшін жойды 2018 жылдың 29 маусымнан бастап ҚР 27.12.2017 жылғы № 125-VI Кодексіне сәйкес, Кодекстiң 277-бабында белгiленген ережелерді қоспағанда
Редакция 08.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасының мүдделерін қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрі кешенді зерттеу мен пайдалануға бағытталған.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарының ережелерін сақтауына жобалау жұмыстарына арналған мердігерлік шартқа сәйкес жобалау құжатын жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын мониторинг;
1-1) аз зерттелген жер қойнауы учаскелері – болжамды ресурстарының перспективалары алдын ала бағаланған жер қойнауы учаскелері;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) айналыстан шыққан қорлар – өндiру процесiнде түзiлетiн іс жүзіндегі ысыраптарды қоса алғанда, өндiрiлген және мемлекеттік баланстан шығарылатын пайдалы қазбалар қорларының көлемі;
2-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1) аукцион – аукционға қатысуға өтінім берген конкурсқа қатысушылар арасынан жеңімпазды айқындаудың оңайлатылған рәсімі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) бағалау жұмыстары – табылған кен орнын бағалау, қорларды өнеркәсіптік санаттар бойынша есептеу және оны өнеркәсіптік игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) бағалау жұмыстарының жобасы – пайдалы қазбалардың перспективті учаскелері мен көрініс-белгілері табылған жағдайда барлау жүргізу кезінде жасалатын, анықталған кен орнының өнеркәсiптiк маңызын геологиялық-экономикалық бағалау, қорларды есептеу және оны өнеркәсiптiк игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу үшiн қажетті және жеткілікті ақпарат алуға бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының әдiстемесiн, түрлері мен көлемiн белгiлейтiн жобалау құжаты;
4-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) барлау – пайдалы қазбалар кен орындарының өнеркәсіптік маңызын бағалай отырып, оларды іздеумен және геологиялық зерттеумен байланысты жұмыстар (операциялар);
5-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1) барлауға арналған үлгілік келісімшарт – барлау құқығы осы Заңға сәйкес оңайлатылған тәртіппен берілетін тұлғамен құзыретті орган бекітетін нысан бойынша жасалатын келісімшарт;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-2) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану – барлау және (немесе) өндіру жөніндегі жұмыстардың нәтижесінде түзілетін, барлауға және (немесе) өндіруге арналып бекітілген жобалау құжатына сәйкес өндірістік қалдықтарды көмуге және жиып қоюға арналған жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
1-бап 5-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшін жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдіктегі құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшін жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивті қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрі өнеркәсіптік суларды жер қойнауына ағызу үшін өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгінді қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстар;
7) газды технологиялық тұрғыдан еріксіз жағу – технологиялық жабдықты қосу-жөнге келтіру, пайдалану, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезінде, сондай-ақ технологиялық жабдықтың жұмысындағы технологиялық іркілістер, істен шығу мен ауытқулар кезінде оны қайта өңдеудің және (немесе) кәдеге жаратудың техникалық мүмкіндігінің болмауына байланысты газды қайта өңдеудің технологиялық процестері кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 25.04.2016 жылғы № 505-V Заңына сәйкес (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.04.2016 жылы № 79 (28807) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8) геологиялық ақпарат – жер қойнауы мен олардың учаскелерінің, кен орындары мен пайдалы қазбалар денелерінің заттай құрамы, геологиялық құрылысы және тарихы, геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық және тектоникалық ерекшеліктері туралы табиғи және жасанды (қағаз, электрондық) және басқа да жеткізгіштердегі ақпаратты қамтитын материалдардың жиынтығы, келісімшарттық аумақтағы геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы мәтіндік, картографиялық және техникалық құжаттама түріндегі мәлiметтер;
8-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) геологиялық бөлу – барлауға, өндіруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауы учаскесiн схемалық және сипаттамалық тұрғыдан айқындайтын қосымша;
9-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңымен (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1) есепке алудың бақылау аспаптары – мұнайды өндіру, шығару, дайындау, өңдеу, тасымалдау, сақтау, өткізу, тиеп-жөнелту, оның ысырабы, оны Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету көлемдерін өлшеуді, сондай-ақ мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесінің операторына ақпаратты нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасына сәйкес қолдануға рұқсат етілген техникалық құрылғылар кешені;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2014 жылғы № 271-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2014 жылы № 255 (28478) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi