Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) – Қазақстан Республикасы аумағының (құрлығының, суларының, жер қойнауының, әуе кеңістігінің) шектерін айқындайтын сызық пен осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн жазықтық және Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі қолданылатын кеңістік шегі.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған электрондық кезек жүйесі (бұдан әрі – электрондық кезек жүйесі) – автомобиль көлігі құралдарының Қазақстан Республикасынан шығу кезінде автомобиль өткізу пункттеріне кіру уақытын броньдауға арналған бағдарламалық-аппараттық кешен;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) арнаулы құралдар – құқыққа қайшы әрекеттердің жолын кесу не әскери қызметшілерді, уәкілетті органдардың қызметкерлерін және Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын азаматтарды жеке қорғау және бүркемелеу мақсатында құқық бұзушыларға, олар пайдаланатын көлік пен объектілерге дене күшімен, жарақаттау арқылы, химиялық, электрлік, психологиялық, назарын басқа жаққа аудару жолымен немесе өзге де әсер етуге арналған құралдар;
2-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (28.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
1-2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету – пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге тартылған және арналған адамдарды, багажды және жүктерді кемелермен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі операцияларды қолдап отыру үшін пайдаланылатын Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына, айлақтық құрылысжайларына және арналарға қызмет көрсетуге және оларды пайдалануға кемелерді пайдаланумен байланысты қызмет;
2-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
2) инженерлік құрылыстар мен бөгеуіштер шебі – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әрекетін қамтамасыз етуге арналған, Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі шегінде тұрақты пайдалануға бөлінген жер белдеуі;
3) инспекциялық тексеріп қарау кешені – интрузивтік емес (жанасусыз) тексеріп қарау әдісімен теміржол және автокөлік құралдарын, көлік құралдарының жүк салатын бөліктерін, контейнерлерді ашпай, оларды көзбен шолып тексеру үшін уәкілетті органдар пайдаланатын, кескіндерді өңдеу мен талдау жүйелерімен жарақтандырылған тексеріп қарайтын интраскопиялық техника (интрузивтік емес тексеріп қарайтын стационарлық, тасымалданатын және ұтқыр техникалық құралдар);
4) Каспий теңізіндегі Қазақстан Республикасы аумақтық суларының енін есептеуге арналған бастапқы сызықтар (бұдан әрі – бастапқы сызықтар) – Қазақстан Республикасының құрлықтық бөлігінде және оның аралдарында орналасқан, орташа көпжылдық деңгейлі (Кронштадт футштогының нөліне қатысты биіктіктердің Балтық жүйесінің минус 28,0 метр белгісінде) сызықтар, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тиесілі шығанақтардағы, бухталардағы, құйылыстар мен жайылмалардағы Қазақстан Республикасы ішкі суларының шектерін шектейтін түзу сызықтар;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
5) Қазақстан Республикасының аумақтық сулары (бұдан әрі – аумақтық сулар) – халықаралық құқық нормаларына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бастапқы сызықтардан бастап өлшенетін, ені он бес теңіз милі болатын, Қазақстан Республикасының егемендігі қолданылатын және сыртқы шегі Мемлекеттік шекара болып табылатын теңіз белдеуі;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) Қазақстан Республикасының балық аулау аймағы (бұдан әрі – балық аулау аймағы) – халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормалары ескеріле отырып, Мемлекеттік шекарадан (аумақтық сулардың сыртқы шегінен) бастап өлшенетін, ені он теңіз милі болатын, шегінде Қазақстан Республикасы су биологиялық ресурстарының кәсіпшілігіне айрықша құқыққа ие болатын теңіз белдеуі;
2-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасының континенттік қайраңы (бұдан әрі – континенттік қайраң) – Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалануға және су түбі мен жер қойнауының ресурстарын игеруге байланысты басқа да құқыққа сыйымды шаруашылық-экономикалық қызметке егеменді құқықтарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген, Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауының учаскесі (Каспий теңізінің қазақстандық секторы);
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Қазақстан Республикасының шекаралық кеңістігі (бұдан әрі – шекаралық кеңістік) – Мемлекеттік шекара және Қазақстан Республикасының ішкі сулары және аумақтық сулары бар шекаралық аймақтың сыртқы шектеріне дейін оған шектесіп жатқан Қазақстан Республикасының аумағы, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу пункттерінің және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардың аумақтары, өз шегінде уәкілетті органдар шекаралық қызметті жүзеге асыратын балық аулау аймағы, континенттік қайраң, сондай-ақ олардың үстіндегі әуе кеңістігі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.05.2017 жылғы № 59-VI Заңына сәйкес (30.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.05.2017 жылы № 88 (28467) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
8) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерін физикалық қорғау (бұдан әрі – шет елдердегі мекемелерді физикалық қорғау) – Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде объектішілік және өткізу режимдерін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қоса алғанда, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері мен олардың персоналының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі;
9) Қазақстан Республикасының ішкі сулары (бұдан әрі – ішкі сулар) – Қазақстан Республикасы аумағының құрамдас бөлігі, ол:
9-тармақша өзгертілді ҚР 23.02.2021 жылғы № 11-VII Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(2018 жылғы 12 тамызда жасалған Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенция күшіне енген күннен бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі шекара маңындағы әкімшілік-аумақтық бірліктердің аумағы шегінде осы Заңда айқындалған шекара режимі қолданылатын шекаралық аймақты белгілейді.
2. Шекара режимі – шекаралық аймаққа кірудің, онда уақытша болудың, тұрудың немесе орын ауыстырудың, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізудің белгіленген тәртібі.
3. Шекара режимінің негізгі мақсаты Мемлекеттік шекараны қорғау үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы шекаралық аймақта белгіленген тәртіпті қамтамасыз ету болып табылады.
4. Шекаралық аймаққа кіретін жерлерде жергілікті атқарушы органдар жол (ақпараттық) белгілерін орнатады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңына сәйкес (29.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5. Шекаралық аймақта Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен өтеусіз, тұрақты пайдалануға инженерлік-техникалық құрылыстар мен бөгеуіштерді, коммуникацияларды, өткізу пункттерін және Мемлекеттік шекара инфрақұрылымының өзге де объектілерін жайластыру мен күтіп-ұстау үшін пайдаланылатын жер белдеулері (учаскелері) бөлінеді.
6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісілген жергілікті атқарушы органдардың ұсынулары бойынша шекаралық аймаққа кіретін шекара маңы аумақтарының тізбесі белгіленеді, онда Қазақстан Республикасының Үкіметі жекелеген режимдік шектеулердің қолданысын алып тастауы немесе тоқтата тұруы мүмкін.
7. Шекара режимін бақылауды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жүзеге асырады.
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша не оларды цифрлық құжаттар сервисі арқылы көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүзеге асырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне халықаралық теміржол және автомобиль қатынасы жолдарымен барған жағдайда, олардың шекаралық аймаққа кіруі жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша жүргізіледі. Осы санаттағы адамдарға жүру маршрутын өзгертуге тыйым салынады.
41-бап. Шекаралық аймақта уақытша болу, тұру және жүріп-тұру
1. Шекаралық аймақтағы адамдар жеке басын куәландыратын құжаттарын үнемі өздерімен бірге алып жүруге тиіс
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327- VІ Заңына сәйкес (19.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасына оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктер (шектес мемлекеттердің шекара маңы аудандарының тұрғындары) шекаралық аймақта жеке басын куәландыратын құжаттары және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін арнайы рұқсаттамалар бойынша, егер Қазақстан Республикасының шектес мемлекетпен халықаралық келісімдерінде осылай көзделген болса, жүріп-тұрады.
3. Шекаралық аймаққа кіруді, онда уақытша болуды, тұруды және жүріп-тұруды бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне жүктеледі, олар шекаралық аймаққа кіретін жерлерді келісім бойынша белгілейді.
42-бап. Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу
1. Шекаралық аймақта қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де іс-шараларды өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі бөлімшесін жазбаша еркін нысанда хабардар ете отырып, жүзеге асырылады.
1-тармақ өзгертілді ҚР 16.11.2020 жылғы № 375-VI Заңымен (07.07.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 28.11.2020 жылдан бастап)
2. Хабарламаны жоспарланатын іс-шараны тікелей ұйымдастырушы енгізеді және онда іс-шараның сипаты, орны, уақыты және оған қатысушылар саны туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жергілікті атқарушы органдардың немесе өзге де уәкілетті органдардың, сондай-ақ іс-шараны тікелей ұйымдастырушының атына шекаралық аймақта құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар қолдану бойынша ұсынулар енгізуге құқылы.
Полная версия
ИС BestProfi