Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ Заңы
Құжат мәтініндегі "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" сөздері "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" сөздерімен; "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" сөздері "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" сөздерімен ауыстырылды ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен(22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) Құжат мәтініндегі «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» сөздері «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Конституциялық заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Осы Заңның орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес Құжат мәтініндегі «жоғары оқу орындарында», «жоғары оқу орындарының», «Жоғары оқу орындарында», «Жоғары оқу орындарындағы», «жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орындарына», «жоғары оқу орындарын», «Жоғары оқу орындары», «жоғары оқу орнының», «Жоғары оқу орнының ерекше», «жоғары оқу орнын», «Жоғары оқу орындарының», «жоғары оқу орны», «жоғары оқу орнына» сөздері «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының ерекше», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын», «Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы», «жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі «педагог кадрлардың», «педагог қызметкердің», «педагог жұмыскерге», «педагог кадрларды», «педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар», «педагог жұмыскерлері мен оларға теңестірілген адамдары», «педагог қызметкерлердің», «педагог жұмыскерлердің», «педагог жұмыскерлерді», «педагог жұмыскерлер», «педагог қызметкерлерден», «педагог қызметкерлер» сөздері «педагогтердің», «педагогтің», «педагогке», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтері», «педагогтердің», «педагогтердің», «педагогтерді», «педагогтер», «педагогтерден», «педагогтер» сөздермен ауыстырылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 294-VІ Заңына сәйкес (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) Құжат мәтініндегі мүгедектер», «мүгедек балалар», «мүгедектердің», «мүгедек балалардың», «мүгедек-балалар», «мүгедек балаларды», «мүгедектерді», «мүгедек», «мүгедектерге» деген сөздер тиісінше «мүгедектігі бар адамдар», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар адамдардың», «мүгедектігі бар балалардың», «мүгедектігі бар балалар», «мүгедектігі бар балаларды», «мүгедектігі бар адамдарды», «мүгедектігі бар адам», «мүгедектігі бар адамдарға» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 27.06.2022 жылғы № 129-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 01.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шетелдік әскери оқу орындарында білім алып жатқан адам;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) академия – белгілі бір салада ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын және ғылыми-әдістемелік орталық болып табылатын жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
2-тармақша өзгертілді ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен (22.07.2011 редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1) академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының (педагогтің) білім беру бағдарламасының оқу нәтижелеріне қол жеткізу үшін қажетті ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-1-тармақша өзгертілді ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңымен (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) академиялық ұтқырлық – білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге (семестрге немесе оқу жылына) өзінің жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында академиялық кредиттер түрінде меңгерген оқу бағдарламаларынан, пәндерден міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына (ел ішінде немесе шетелге) ауыстыру;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-3) аккредиттеу органы – аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) негізінде білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеуді жүргізетін заңды тұлға;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.02.2024 жылғы № 64-VIII Заңына сәйкес (16.11.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
1-бап 2-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.07.2018 жылғы № 171-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 09.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) атаулы стипендия - тиісті білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия;
3-1) әдістемелік кабинет - білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагогтердің шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.10.2011 жылғы № 487-ІV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2011 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2) әскери, арнаулы оқу орындары – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары;
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-2-тармақша өзгертілді ҚР 29.06.2021 жылғы № 58-VII Заңымен (26.06.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) бакалавр – жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін дәреже;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-1) бакалавриат –тиісті мамандық бойынша «бакалавр» дәрежесін бере отырып, кадрлар даярлауға бағытталған жоғары білім, білім беру бағдарламалары;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-2) баланы жәбірлеу (буллинг) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе масс-медиа және (немесе) телекоммуникация желілері және (немесе) онлайн-платформалар пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллинг);
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.05.2022 жылғы № 118-VII Заңына сәйкес (өзгерту 15.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-2-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2023 жылғы № 19-VIII Заңымен (04.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-2-тармақша өзгертілді ҚР 19.06.2024 жылғы № 94-VIII Заңымен (21.05.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) бейін алды даярлық - білім алушының жеке білім беру траекториясының негізгі орта білім беруді таңдауын мақсатты педагогикалық қолдау;
Полная версия