Близость слов: Окончание:





Астық туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы № 143-II Заңы
Құжат мәтініндегі «беру арқылы», «берілген» сөздері «шығару арқылы», «шығарылған» сөздерімен ауыстырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңы бойынша (08.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «сәйкестікті растау», «Сәйкестiктi растау» және «сәйкестiгiн растау» деген сөздер тиісінше «сәйкестікті бағалау», «Сәйкестiктi бағалау» және «сәйкестiгiн бағалау» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңы​на сәйкес (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 13.10.2003 жылғы № 488-ІІ Заңымен (11.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
2) азық-түлiктiк астық - тағамдық мақсаттарға пайдаланылатын астық;
2-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша алынып тасталды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 229-IV Заңына сәйкес
3-1-тармақша алынып тасталды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 02.01.2016 жылдан бастап)
4) астық - тағамдық, тұқымдық, мал азығы және техникалық мақсаттар үшiн пайдаланылатын дәндi, дәндi-бұршақ және майлы дақылдардың өнiмдерi;
5) астық иесi - астық қабылдау кәсiпорнына сақтауға астық берген жеке немесе заңды тұлға;
6) астық қабылдау кәсiпорны - астық сақтау жүзеге асырылатын меншiк құқығындағы астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пунктi) бар заңды тұлға;
7) астық қоймасы (элеватор, астық қабылдау пункті) – экспорт кедендік рәсімімен орналастырылған астықты бір көлік түрінен екіншісіне қайта тиеуге арналған техникалық құрылысжайларды қоспағанда, астық сақтауға арнап мамандандырылған техникалық құрылысжай
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызмет – астық қабылдау кәсіпорындары астық сақтау бойынша жүзеге асыратын қызмет;
7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 15.07.2011 жылғы № 461-IV Заңына сәйкес
7-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-2-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-3) астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – белгілі бір уақыт сәтінде астық қолхаттарын ұстаушыларды сәйкестендіруді, астық қолхаттарымен мәмілелерді тіркеуді қамтамасыз ететін астық қолхаттары мен оларды ұстаушылар туралы мәліметтер жиынтығы, сондай-ақ олардың айналымына немесе олар бойынша құқықтарды жүзеге асыруға тіркелген шектеулердің сипаты және тіркеуші ақпараттық жүйеде көрініс тапқан өзге де мәліметтер;
1-бап 7-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-3-тармақша өзгертілді ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңымен (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-4) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 7-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.04.2016 жылғы № 502-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 3 (үш) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.04.2016 жылы № 76 (28804) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-4-тармақша алынып тасталды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру жүйесi - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
10) астық қолхаттары бойынша мiндеттемелердi орындауға кепiлдiк беру қоры - астық қабылдау кәсiпорындарының өздерi берген астық қолхаттары бойынша мiндеттемелерiн орындамауынан астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында құрылатын заңды тұлға;
Полная версия
ИС BestProfi