Близость слов: Окончание:





Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Заңы
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң жеке басты куәландыратын құжаттардың құқықтық негіздерін айқындайды, оларды ресімдеуге қойылатын талаптарды белгілейді, сондай-ақ жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындау, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою жөніндегі қызметті реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
3) жеке басты куәландыратын құжат – материалдық жеткізгіште не Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін, жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, белгіленген үлгідегі құжат;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (15.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша өзгертілді ҚР 16.05.2024 жылғы № 82-VIII Заңымен (23.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 28.05.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) жол жүру құжаты – шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету үшін берілетін құжат;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 327-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
6) Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты – өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан, одан тыс жерлерде тұрған кезде және Қазақстан Республикасына келген кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжат;
7) Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты – өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасынан шыққан және келген, одан тыс жерлерде тұрған кезде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын және оның иесінің ресми мәртебесін растайтын құжат;
8) Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі – теңіз кемесінің бортында (әскери корабльді қоспағанда) оның экипажының құрамында, сондай-ақ сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын аралас (өзен-теңіз) жүзетін кеменің бортында жұмыс істейтін құжат иесінің немесе практикадан өту үшін кемелерге жіберілетін, оқу орнында білім алушының жеке басын куәландыратын құжат;
9) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
10) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
11-тармақша алынып тасталды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (25.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) уәкілетті мемлекеттік органдар – өз құзыреті шегінде жеке басты куәландыратын құжаттарды ресімдеуді, беруді, ауыстыруды, алып қоюды және жоюды жүзеге асыратын ішкі істер органдары, әділет органдары, сыртқы саяси қызмет саласындағы орган, көлік және коммуникация саласындағы орган;
13) шетелдік паспорт – шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын және олардың құқықтық мәртебесін растайтын құжат ретінде Қазақстан Республикасы танитын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi