Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы
Құжат мәтініндегі «курсанттарын», «Курсанттың», «курсанттары», «курсант», «курсанттарды» сөздері «курсанттарын, тыңдаушыларын», «Курсанттың, тыңдаушының», «курсанттары, тыңдаушылары», «курсант, тыңдаушы», «курсанттарды, тыңдаушыларды» сөздерімен ауыстырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңы бойынша (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Құжат мәтініндегі «әскери, арнаулы», «әскери, арнаулы» деген сөздер тиісінше «әскери, арнаулы», «Әскери, арнаулы», «Әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерінде және мекемелерінде», «әскери-медициналық бөлімшелер», «әскери-медициналық бөлімшелерде», «әскери-медициналық бөлімшелердің», Әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерінде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелерде», «әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелердің» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 15.04.2022 жылғы № 114- VII Заңына сәйкес (06.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 29.04.2022 жылдан бастап)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесiн айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңымен (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) адъюнкт – жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын шет мемлекеттің білім беру ұйымына халықаралық шарттарға сəйкес оқуға жіберілген қызметкер;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) арнайы жиындар – арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің қызметтік-жауынгерлік даярлығы жөніндегі іс-шаралар;
3) арнаулы атақ – қызметкерге берілетін арнайы айырым белгісі;
3-1) әскери, арнаулы оқу орындары – арнаулы мемлекеттік органдардың жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) арнаулы киім нысаны – қызметкерлердің Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарына, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне тиесілігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген нысанды киім (киім-кешек) және айырым белгілері;
4-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) арнаулы мемлекеттік органның қызметкерлері (бұдан әрі – қызметкерлер) – ұлттық қауіпсіздік органдарында, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінде қызмет атқарып жүрген, арнаулы атақ берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары;
5-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет – ұлттық қауіпсіздік органдарындағы, сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органдағы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі лауазымдардағы мемлекеттiк қызметтiң ерекше түрi;
6-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2014 жылғы № 233-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.07.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) арнаулы мемлекеттік органдардың арнайы есебі – кадр қызметкерлерін есепке алу және талдау жүйесі;
8) арнаулы мемлекеттік органдардың запастағы офицерлерін есепке алу – арнаулы мемлекеттік органдардың әскери міндеттілері (офицерлік құрам) мен басқа да жұмылдыру ресурстарының сандық және сапалық деректерін есепке алу мен талдау жүйесі;
9) арнаулы мемлекеттік органдардың запасы (бұдан әрі – запас) – қызметтен шығарылған (теріс себептер бойынша шығарылғандарды қоспағанда) және аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарында және сыртқы барлау саласындағы уәкілетті органда арнаулы мемлекеттік органдар запастағы офицерлерінің есебінде тұратын, арнаулы мемлекеттік органдарды толықтырып жасақтауға, жұмылдырушылық өрiстетуге және олардың шығынының орнын толтыруға арналған қызметкерлер;
9-1) еңбек сіңірген жылдары – қызметкердің күнтізбелікпен де, жеңілдікпен де есептеп шығарылатын, əскери қызметте, арнаулы мемлекеттік жəне құқық қорғау органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда болу ұзақтығы;
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) Жоғары аттестаттау комиссиясы – арнаулы мемлекеттік органдардың бірінші басшылары айқындайтын тізбеге сәйкес басшы құрамның лауазымды адамдарын олардың атқарып отырған лауазымдарына сәйкестігі және оларды одан әрі неғұрлым орынды қызметтік пайдалану перспективалары туралы аттестаттау қорытындылары мен ұсынымдарын, аттестаттау комиссиясының қорытындыларымен және ұсынымдарымен келіспейтін қызметкерлер шағым жасау тәртібімен ұсынған аттестаттауларды, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік орган бірінші басшысының нұсқауы бойынша Жоғары аттестаттау комиссиясының қарауына шығарылған аттестаттауларды қарайтын, тұрақты түрде жұмыс істейтін жоғары консультативтік-кеңесші орган;
11) курсант – жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша әскери, арнаулы оқу орнында білім алып жатқан немесе халықаралық шарттарға сəйкес шет мемлекеттің білім беру ұйымына оқуға жіберілген қызметкер;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.11.2015 жылғы № 398-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 18.11.2015 жылы № 221 (28699) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi