Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 261 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 22.01.2015 жылғы № 34 Бұйрығын қараңыз
Редакция 24.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 261 қаулысымен
бекітілген
Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары
1. Осы Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 38-6) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) отынның орташа тәуліктік жұмсалуы – осы өңір үшін сыртқы ауаның ең аз есептік температурасы және жылу электр станциясының жабдықтарын барынша жүктеу жағдайларында энергия өндіруші ұйым электр және/немесе жылу энергиясын өндіру үшін тәулік ішінде тұтынатын отынның мөлшерлі жұмсалуы;
2) пайдаланылатын отын қорының нормасы (бұдан әрі – норма) – энергия өндіруші ұйымдар пайдаланатын отын қорының тәуліктік есептегі ең аз мөлшері.
2. Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормаларын айқындау тәртібі
3. Нормалар жылу электр станциялары мен қазандықтар бойынша айқындалады (бұдан әрі – энергия өндіруші ұйым).
2) жеткізілетін отынның энергия көзінен тиелу орнына дейінгі ара қашықтық есепке алынады.
5. Белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін электр энергетикасы саласындағы уәкілетті органға өзінің меншікті жабдықтар құрамы үшін сыртқы ауаның ең аз есептік температурасы жағдайында отынның орташа тәуліктік жұмсалуын және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықты келісу үшін ұсынады.
6. Белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат төмен энергия өндіруші ұйым жыл сайын тиісті жылдың 1 маусымына дейін жергілікті атқарушы органға өзінің меншікті жабдығының құрамы үшін сыртқы ауаның ең аз есептік температурасы жағдайында отынның орташа тәуліктік жұмсалуын және энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықты келісу үшін ұсынады.
7. Электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат және одан жоғары энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалуы мен энергия көзінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықты келіседі.
7-1. Энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы мынадай формулаларға сәйкес есептеледі:
Қағидалар 7-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 24.10.2013 жылғы № 1143 Қаулысына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
B – энергия өндіруші ұйымдағы отынның орташа тәуліктік шығысы;
Bжэ – жылу энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы;
Bээ – электр энергиясын өндіруге арналған отынның орташа тәуліктік шығысы.
Жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын отынның орташа тәуліктік шығысының мөлшерін айқындау.
Bжэшарт – жылу энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы [шартты отынның тоннасы];
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялы коэффициенті:
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Bжэшарт = Qтәу * bт * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
bо – шартты отынның жылу энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [килограмм/гигакалория].
Qтәу – тәулігіне алынатын жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
Q – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген жылу қуаты [гигакалория /сағат];
Q = Qбелг *Ко, [гигакалория /сағат], мұндағы:
Qбелг – станцияның белгіленген жылу қуаты, [гигакалория /сағат];
Ко – белгіленген жылу қуатын пайдалану коэффициенті;
Qөнд – жыл бойы өндірілген жылу энергиясының мөлшері [гигакалория];
n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
Тәулігіне электр энергиясын өндіруге жұмсалатын шартты отын мөлшерін айқындау:
Bээшарт — электр энергиясын өндіруге арналған шартты отынның орташа тәуліктік шығысы, [шартты отынның тоннасы];
Э – отынның жылу шығару қабілетінің шартты отынға қатынасына тең калориялық коэффициенті:
Qрт – отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм];
7000 – шартты отынның төменгі жылу шығару қабілеті, [килокалория/килограмм].
Bээшарт = Этәу * bэ * 10-3, [шартты отынның тоннасы],
Этәу – тәулігіне алынған электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
bэ – шартты отынның электр энергиясын жіберудегі үлес шығысы, [грамм/киловатт*сағат];
N – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициентін ескере отырып есептелген электр қуаты [мегаватт];
Nбелг. – станцияның белгіленген электр қуаты, [мегаватт];
Кэ – белгіленген электр қуатын пайдалану коэффициенті;
Эөнд – өткен жылы өндірілген электр энергиясының мөлшері [мың киловатт*сағат];
n - өткен жылдағы күнтізбелік сағат саны.
8. Жергілікті атқарушы орган жыл сайын тиісті жылдың 1 тамызына дейін белгіленген қуаты 100 Гкал/сағат төмен энергия өндіруші әрбір ұйым үшін отынның орташа тәуліктік жұмсалуы мен энергия көздерінен бастап жеткізілетін отынды тиеу орнына дейінгі қашықтықты бекітеді.
9. Келісілген отынның орташа тәуліктік жұмсалуы мен отынды тиеу (өндіру) ауданынан бастап энергия өндіретін ұйым орналасқан жерге дейінгі қашықтық негізінде норма айқындалады.
10. Норма отынды жеткізу, отынды жеткізуде пайда болған шектеу себептерін жою үшін қажетті ең ұзақ мерзімді ескере отырып, шектеу кезінде күндер санымен, сондай-ақ жеткізілетін отынды тиеу ауданынан энергия өндіруші ұйым орналасқан жерге дейін теміржол көлігімен жеткізудің қалыптасқан уақытынан айқындалған температуралық кестенің және/немесе жоспарлы электр жүктемесінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Полная версия
ИС BestProfi