Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 10.10.2015
"Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына өзгерістер енгізу және "Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 19 наурыздағы № 259 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 10 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 25.09.2015 жылғы № 783 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Автомобиль көлiгiмен қауiптi жүктерді тасымалдау жөнiндегi кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 12 наурыздағы № 316 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 14, 176-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Автокөлік құралдарымен қауiптi жүктерді тасымалдау, олардың Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өту ережесі және қауiптi жүктерді тасымалдайтын жүргiзушiлер мен автокөлік құралдарына қойылатын бiлiктiлiк талаптары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің автомобиль көлігі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 шілдедегі № 979 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 891-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 19 наурыздағы
№ 259 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2004 жылғы 12 наурыздағы
№ 316 қаулысымен
бекiтiлген
Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары
1. Осы Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) « Автомобиль көлiгi туралы » 2003 жылғы 4 шiлдедегi, « Автомобиль жолдары туралы » 2001 жылғы 17 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.
2. Қағидалар қауiптi жүктердi Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдауға байланысты заңды және жеке тұлғаларға қолданылады.
Қауiптi жүктердi автокөлiк құралдарымен халықаралық тасымалдау Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау, тиеу-түсiру жұмыстарын жүргiзу және сақтау кезiнде оларға тән ерекшеліктерге байланысты техникалық құралдардың, құрылғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылуына, өртенуіне немесе бүлiнуiне, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың өлiм-жiтiмiне, жарақат алуына және ауруына себеп болуы, қоршаған табиғи ортаға зиян келтiруi мүмкiн кез келген заттар, материалдар, бұйымдар, өндiрiстік және өзге де қызмет қалдықтары қауiптi жүктер деп танылады.
4. Қауiптi жүктердi тасымалдау кезiнде «Қауіпті жүктер. Сыныптау және таңбалау» 19433-88 МемСТ және Қауіпті жүктерді халықаралық жолдарда тасымалдау туралы еуропалық келісімнің (ҚЖХЖТ) қолданыстағы стандарттарына сәйкес қауiптi жүктердiң сыныптамасы қолданылады.
2. Қауiптi жүктерді автокөлiк құралдарымен тасымалдауды
Полная версия
ИС BestProfi