Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің "6698 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 285 қаулысы
Редакция 18.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында орналасатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «6698 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (27.03.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде :
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-1-жолмен толықтырылсын:
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия
ИС BestProfi