Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.10.2015
"Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі № 340 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 3 қазаннан бастап ҚР Үкіметінің 11.09.2015 жылғы № 774 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 155-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық авиацияда ұшуды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидасында:
«286. Сөйлеу байланысы арналары үшін резерв ретінде АFTN арналары, жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісі және басқа да байланыс жүйелері пайдаланылады.
AFTN желісіндегі байланысты ұйымдастыру және жүргізу азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін авиациялық тіркелген электр байланысы желісіндегі жұмыс технологиясында белгіленеді.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi