Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 07.08.2017
Өңірлік саясат мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы N 1239 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 07.08.2017 жылғы № 475 Қаулысына сәйкес
Редакция 04.09.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес құрамда Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі        К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.09.2009. № 1297 Қаулысымен
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (02.09.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 24.06.2011 жылғы № 705 Қаулысымен (18.06.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 31.08.2011 жылғы № 981 Қаулысымен (24.06.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 26.03.2012 жылғы № 353 Қаулысымен (31.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 05.04.2012 жылғы № 418 Қаулысымен (26.03.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 13.11.2012 жылғы № 1445 Қаулысымен (05.04.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 368 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-қосымша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің департамент директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімі меңгерушісінің орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысымен
бекітілген
Өңірлік саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Өңiрлiк саясат мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығымен бекітілген Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының 2020 жылға дейінгі болжамды схемасында (бұдан әрі - Болжамды схема) көзделген шараларды тиiмдi iске асыру мақсатында құрылды.
2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар жөнінде ұсынымдар әзірлеу болып табылады:
4-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1) елдегі экономикалық белсенділікті өзіне шоғырландыратын және елдің қалған бүкіл аумақтары үшін «локомотив» рөлін атқаратын «озыңқы» өсу аймақтарын (өсу полюстерін) қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік өңірлік саясатты жетілдіру;
2) экономикалық және еңбек ресурстарын экономикалық тұрғыдан перспективалы және тыныс-тіршілік үшін қолайлы елдің ұтымды игерілген аудандарымен үйлестіріп шоғырландыру;
3) нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін өңірлік деңгейде енгізу;
4) қолайсыз аумақтардың проблемаларын шешу бойынша ішінара қолдау көрсету;
5) өңірлердің даму перспективалары мен әлеуетін ескере отырып, республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері, кредиттері есебінен қаржыландыру үшін (Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігі жеткізген лимиттер шегінде) салалық мемлекеттік органдар ұсынған инвестициялық жобалардың тізбесі;
5-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
7) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мәселелері;
8) өңірлік даму саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын тиімді іске асыру.
5. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары мыналар бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1) мемлекеттік өңірлік саясатты одан әрі жетілдіру;
2) елдің және оның өңірлерінің өңірлік және әлемдік экономикада орын алуының тиімді стратегиясын іске асыру;
3) ел өңірлерінің бәсекеге қабілетті мамандануын қалыптастыру;
4) өңірлік даму саласындағы бағдарламаны, республикалық бюджеттен іске асырылатын жергілікті бюджеттік инвестицияларды тиімді іске асыру;
5) өңірлерді дамыту перспективалары мен әлеуетін ескере отырып, республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері, кредиттер есебінен қаржыландыруға жоспарланған инвестициялық жобалардың тізбесі;
6) ауылдық және қалалық елді мекендер бойынша одан әрі қаржыландыру үшін сумен жабдықтау жобаларының тізбесі.
6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де
ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға;
2) өңірлердегі ахуалды талдау және зерделеу үшін мемлекеттік органдардың және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға;
3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға;
3-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4) Қазақстан Республикасының ауыз сумен жабдықтау саласындағы заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге;
6-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
5) Қалалық және ауылдық жергілікті жерлерде ауыз сумен жабдықтау жобаларының бірыңғай тізбелерін бекіту бойынша ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге құқығы бар.
6-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оның қызметіне жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары атқарады.
8. Комиссия отырысы өткізілгеннен кейін комиссия хатшысы хаттама ресімдейді.
8-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.06.2010 жылғы № 612 Қаулысымен (02.09.2009 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.04.2013 жылғы № 368 Қаулысымен (13.11.2012 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
9-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 970 Қаулысымен (09.04.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
10. Комиссияның отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда, қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі.
10-1. Жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуын қамтамасыз ету үшін отырыстар селекторлық режимде өткізілуі мүмкін.
Ереже 10-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
11. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысымен (16.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссия отырысының есеп-хатына қоса берілуі тиiс.
Комиссияның отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.
Комиссияның мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.
12. Дауыс беру парақтарымен қоса, комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.
Ереже 12-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 09.04.2014 жылғы № 329 Қаулысына сәйкес
12. Комиссияның қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
N 1239 қаулысына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 163-құжат).
(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 40, 412-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы N 581 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 ақпандағы N 129 қаулысы.
1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 9, 84-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 шілдедегі N 668 қаулысының
7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 наурыздағы N 233 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 9, 109-құжат).
8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 15 қазандағы N 948 қаулысымен
бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкіміне енгізілген өзгерістердің 1-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 38, 441-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi