Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңы
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда бүкіл мәтін бойынша «ақпараттандыру саласындағы», «Ақпараттандыру саласындағы», «электрондық үкімет», «электрондық үкіметтің», «ақпараттандыру объектісі», «ақпараттық жүйелерді», «ақпараттық жүйелердің», «ақпараттық жүйелерде», «ақпараттық жүйелерден», «ақпараттық жүйелерге», «ақпараттық жүйесі», «ақпараттық жүйесінен», «ақпараттық жүйелеріндегі», «ақпараттық жүйелері» деген сөздер тиісінше «цифрландыру саласындағы», «Цифрландыру саласындағы», «цифрлық үкімет», «цифрлық үкіметтің», «цифрлық объект», «цифрлық жүйелерді», «цифрлық жүйелердің», «цифрлық жүйелерде», «цифрлық жүйелерден», «цифрлық жүйелерге», «цифрлық жүйесі», «цифрлық жүйесінен», «цифрлық жүйелеріндегі», «цифрлық жүйелері» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.07.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Кіріспе өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (23.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (06.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, жеке немесе заңды тұлғаға көрсетілетін және оның базалық және қоғамдық маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған көрсетілетін қызмет;
1-тармақ 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 25.11.2019 жылғы № 272-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 08.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3) әріптестік келісім – мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін талаптарға сәйкес келетін және мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның іріктеуінен өткен кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік корпорация жасаған келісім;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4) әріптестік ұйым – осы Заңға сәйкес әріптестік келісім жасаған кәсіпкерлік субъектісі;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-5-тармақша алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) «бір терезе» қағидаты – мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны;
2-1) Бiрыңғай байланыс орталығы – мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (09.01.2026 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) жасырын мемлекеттік көрсетілетін қызмет – мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өлшемшарттарына сай келетін, бірақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілмеген мемлекеттік функция;
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) жеке тұлғаларды мемлекеттік қолдау шарасы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкерлерді және жеке практикамен айналысатын адамдарды, заң консультанттарын қоспағанда, жеке тұлғалардың бақуаттылығын арттыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтер немесе өзге де мемлекеттік қолдау нысандары;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.05.2026 жылғы № 291-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 12.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) көрсетілетін қызметті алушы – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алуға өтініш беруге құқығы және (немесе) ниеті бар немесе мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметті алатын не өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыру үшін оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер бере отырып, мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсету нәтижесін алған жеке және заңды тұлғалар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар;
4-тармақша өзгертілді ҚР 09.01.2026 жылғы № 254-VIII Заңымен (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) көрсетілетін қызметті бірлесіп беруші – мемлекеттік немесе әлеуметтік жауапкершілігі бар қызмет көрсетудің бір немесе бірнеше кезеңіне қатысатын және көрсетілетін қызметті берушіге мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынатын жеке және заңды тұлғалар;
1-бап 4-1-тармақпен толықтырылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2) қоғамдық маңызы бар көрсетілетін қызмет – үздіксіз негізде жүзеге асырылатын және қоғамның заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет;
1-бап 4-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 50-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 24.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (10.02.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi