Осы Заң биоотын өндірісі және айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы № 351-IV Заңы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) биологиялық туынды шикізат – биологиялық туынды, оның ішінде биохимиялық құрамдас бөліктерге ыдырайтын және биоотын өндіру үшін пайдаланылатын өнімдер;
2) биоотын – биологиялық туынды шикізатты қайта өңдеу арқылы алынған отын, оның ішінде биоэтанол;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) биоотын айналымы – биоотынды әкелуді (импорт) және әкетуді (экспорт) қоса алғанда, биоотынды өткізу (сату немесе беру) процестері (кезеңдері), сондай-ақ олармен байланысты құю, таңбалау, сақтау және тасымалдау процестері;
4) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган – биоотын айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
5) биоотынды кәдеге жарату – арналған мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз биоотынды және биоотын өндірісінің қосалқы өнімдерін қажетті сападағы биоотынға немесе басқа өнімге айналдыратын технологиялық өңдеу;
6) биоотын өндіретін зауыт – шикізатты биоотын етіп қайта өңдеуге арналған мамандандырылған ғимарат;
7) биоотын өндіру – биоотын алуды қамтамасыз ететін шикізатты қайта өңдеу жөніндегі жұмыстар кешені;
8) биоотын өндіруші – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес биоотын өндірісін және айналымын жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті орган – биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) биоэтанол – биологиялық туынды шикізаттан өндірілген, міндетті түрде мұнай өнімдерімен араластыруға немесе отын құрамдастарын, октан арттырғыш қосындыларды, отын қоспаларын, эфирлерді, сондай-ақ биоотынның басқа түрін өндіру мақсатында пайдалануға немесе химиялық және онымен байланысты өнеркәсіп салаларының өнімдерін өндіру мақсатында пайдалануға арналған дегидратталған этил спирті;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.10.2019 жылғы № 268-VІ Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.11.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 10-тармақша өзгертілді ҚР 10.10.2022 жылғы № 144-VII Заңымен (05.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) дегидратталған этил спирті – сусыздандыру процесінен өткізілген, құрамындағы су үлесі бір пайыздан аспайтын этил спирті;
12) денатуратталған биоэтанол – тамақ өнімі немесе тамақ өніміне қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік бермейтін қасиеттер беру мақсатында химиялық заттармен араластыру процесінен өткізілген дегидратталған этил спирті;
13) өндіріс паспорты – биоотын өндіретін зауыттың өндірістік қуаттарының көрсеткіштерін, оның негізгі сипаттамаларын көрсететін, биоотын өндірісінің технологиялық процесінің сақталуы үшін қолда бар жабдықтардың пайдаланылуын регламенттейтін, белгіленген нысандағы құжат;
14) тамақ шикізаты – тамақ өнімдерін және биоотынды өндіру үшін жарамды биологиялық туынды шикізат түрі;
Полная версия