Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 17.04.2014
Жол жүрiсi қауiпсiздiгi туралы
Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шiлдедегi N 29 Заңы
Осы Заң күшін жойды 19.10.2014 жылдан бастап ҚР 17.04.2014 жылғы № 194-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн ұйымдастырудың негiзгi принциптерiн белгiлеп, қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Мәтiнде "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - IV" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 4" деген цифрлармен өзгертілді ҚР  20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен ( 10.06.2003 ж. редакциясын қараңыз) (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 08.01.2013 жылғы №  64-V  Заңымен (  24.12.2012 ж. редакциясын қараңыз) (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автомагистраль бiр-бiрiнен бөлiп тұратын жолақпен, ал ол болмаған жағдайда, жол қоршауымен бөлiнген, жүрiстiң әрбiр бағыты үшiн жүру бөлiктерi бар, басқа жолдарды, темiржолдарды немесе трамвай жолдарын, жаяу немесе велосипедпен жүретiн жолдарды бiр деңгейде кесiп өтпейтiн жол;
2) жол - мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi. Жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда - соларды қамтиды;
3) жол жүрiсi - адамдар мен жүктердiң жолдармен көлiк құралдарын пайдаланып не оларсыз (жүргiншiлер) жүрiсi кезiнде, сондай-ақ осы жүрiс ережелерiн реттеу процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастар жиынтығы;
4) жол жүрiсi қауiпсiздiгi – жол-көлiк оқиғалары мен олардың зардаптарынан жол жүрiсiне қатысушылар мен мемлекеттiң қорғалу дәрежесiн көрсететiн жол жүрiсiнiң жай-күйi;
5) жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету – жол-көлiк оқиғаларының туындауын болғызбауға, олардың зардаптарының ауырлығын азайтуға бағытталған қызмет;
6) жол жүрiсiне қатысушы – жүргiзушi, жүргiншi, көлiк құралының жолаушысы, мал айдаушы ретiнде жүрiс процесiне тiкелей қатысатын адам;
7) жол жүрiсiн реттеудiң техникалық құралдары – жол белгiлерi, жол таңбалары, бағдаршамдар (олардың жұмыс бағдарламасын айқындайтын жабдықтарды қоса алғанда), темiр жол өткелдерiндегi реттегiш құрылғылар, сондай-ақ жол қоршаулары мен бағыттаушы құрылғылар;
8) жол жүрiсiн ұйымдастыру – жолдардағы жүрiстi басқару жөнiндегi ұйымдық-техникалық іс-шаралар мен өкiммен жүргiзілетiн iс-қимылдар кешенi;
9) жол-көлiк оқиғасы – көлiк құралының жол бойында жүрiсi процесiнде және оның қатысуымен туындаған, адамдар қаза тапқан немесе жарақаттанған, көлiк құралдары, ғимараттар, жүк бүлiнген не өзге де материалдық залал келтiрген оқиға;
10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган – автомобиль көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
10-1) көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі – көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің иелері, көлік құралының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде қамтылған көлік құралдары және олардың тіркемелері туралы, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілері туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
11) көлiк құралы - адамдарды, жүктi немесе үстiне орнатылған жабдықтарды жолдармен тасымалдауға арналған қондырғы;
11-1) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – көлік құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесінде көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.04.2012 жылғы № 15-V Заңына сәйкес ( 15.07.2011 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi