Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөніндегі мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.
Құжат мәтініндегі "тарау" деген сөздiң алдындағы "I - VI" деген цифрлар тиiсiнше "1 - 6" деген цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (11.07.1997 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (11.07.1997 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2005 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 21.01.2013 жылғы № 72-V Заңымен (10.07.2012 ж. редакциясын қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізiледi)
3) ономастика комиссиясы – Қазақстан Республикасының аумағындағы әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерге, елді мекендердің құрамдас бөлiктерiне, әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімдерін беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру және сақтау бойынша бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық-кеңесшi орган;
4) орфография – дұрыс жазу ережесi, сөйленген сөздi (сөздер мен грамматикалық тұлғаларды) жазбаша беру тәсiлдерiнiң бiрiздiлiгiн белгiлейтiн қағидалар жүйесi;
5) Республикалық терминология комиссиясы – уәкілетті органның жанындағы, экономиканың, ғылымның, техниканың және мәдениеттiң барлық салалары бойынша қазақ тiлiнiң терминологиялық лексикасы саласындағы ұсыныстарды әзiрлейтiн консультативтік-кеңесшi орган;
5-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2021 жылғы № 75-VII Заңымен (30.04.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2023 жылғы № 223-VII Заңына сәйкес (14.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) топонимика – ономастиканың географиялық объектiлердiң атауларын, олардың пайда болуының, өзгеруінің және қолданылуының заңдылықтарын зерттейтiн бөлiмi;
7-тармақша алынып тасталды ҚР 29.12.2021 жылғы № 94-VII Заңымен (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тілдерді дамыту саласындағы уәкілетті орган – тілдерді дамыту саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
8-тармақша өзгертілді ҚР 30.04.2021 жылғы № 34-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының қызметiнде тiлдердi қолдануға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастар осы Заң реттейтiн мәселе болып табылады.