Близость слов: Окончание:





Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 22 сәуірдегі № 220-I Заңы
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуы мен таратылуын белгілейді.
2. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. 
2-тармақ өзгертілді ҚР 16.07.1999 жылғы № 436 Заңына байланысты
Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын не сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленуi мүмкiн.
2-тармақ өзгертілді ҚР 20.02.2006 жылғы № 128 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
2-1. Мемлекеттің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысуы және оларды басқару ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
1-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен (11.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген. 
1-1-бап. Осы Заңның негізгі мақсаттары, міндеттері мен қағидаттары
1-тарау 1-1-баппен толықтырылды ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 17.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Серіктестікке қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, серіктестікті құру, оның қызметі, қайта ұйымдастыру және тарату тәртібін айқындау Қазақстан Республикасының жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы заңнамасының негізгі мақсаттары болып табылады.
1) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық мәртебесін белгілеу;
2) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді құру шарттарын айқындау;
3) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің қызметін реттеу;
4) жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерге қатысушылардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету.
3. Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер өз қызметін мынадай негізгі қағидаттардың негізінде жүзеге асырады:
2) өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлік мөлшеріндегі жауапкершілік;
3) серіктестік қызметі туралы ақпараттың оның барлық мүшелері үшін ашықтығы, қолжетімділігі;
Полная версия
ИС BestProfi