Осы Заң Қазақстан Республикасында автомобиль жолдарын мемлекеттік басқарудың, оларды мемлекеттің және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың мүдделерінде салудың, пайдаланудың және дамытудың құқықтық, ұйымдық және экономикалық негіздерін реттейді.
Автомобиль жолдары туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II Заңы
Құжат мәтініндегі «ставкаларын», «ставкалардың» сөздері «мөлшерлемелерін», «мөлшерлемелердің» сөздерімен ауыстырылды ҚР 28.11.2014 жылғы № 257-V Заңы бойынша (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2014 жылдан бастап)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандырылған өлшеу станциясы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото- және бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автомобиль көлігі құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және габариттік параметрлерін, осьтік жүктемелерін және жүру жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнаулы бақылау-өлшеу техникалық құралдарының, аспаптар мен жабдықтардың зияткерлік көлік жүйесімен интеграцияланған кешені;
1-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 112-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор (бұдан әрі – Ұлттық оператор) – осы Заңда белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;
1- бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2013 жылғы № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 31.10.2015 жылғы № 380-V Заңына сәйкес (27.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 (28695) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (24.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
1-2) автомобиль жолдарын басқарушылар – автомобиль жолдарының меншік иелері болып табылатын немесе мемлекеттік тапсырманы орындау шеңберінде шарттардың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының, оның ішінде концессия шарттарының, мүлікті сенімгерлік басқару, жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалану шарттарының негізінде шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында автомобиль жолдарын басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.12.2022 № 174-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 10.01.2023 жылдан бастап)
2) автомобиль жолдарын пайдаланушылар - жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегiнде өзге де қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
2-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3)жол органдары - жалпыға ортақ пайдаланылатын мемлекеттiк автомобиль жолдарын басқаруды жүзеге асыратын автомобиль жолдары жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган, оның аумақтық органдары
3-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңымен (17.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
4) Тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 07.07.2006 жылғы № 168 Заңымен (10.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
5) автомобиль жолын жөндеу - ағымдағы, орташа және күрделі жөндеулерді қамтитын, автомобиль жолы ақауларының алдын алу және оларды жою, сондай-ақ көліктік-пайдалану сапаларын қалпына келтіру және жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
5-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы № 66-IV Заңымен (21.07.2007 ж. редакцияны қараңыз)
6) автомобиль жолын күрделі жөндеу - қолданыстағы техникалық санатын өзгертпей, автомобиль жолының көліктік-пайдалану сипаттамаларын қалпына келтіру және (немесе) жақсарту жөніндегі жұмыстар кешені;
7) автомобиль жолын күтіп ұстау - автомобиль жолын тиісті техникалық жай-күйде ұстау, оның техникалық жай-күйін бағалау жөніндегі, сондай-ақ жолда жүру қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені;
8) автомобиль жолын орташа жөндеу - автомобиль жолының бастапқы пайдалану сапаларын және жол құрылыстарын қалпына келтіруге байланысты жұмыстар кешені;
9) автомобиль жолын реконструкциялау - автомобиль жолын немесе оның жекелеген учаскесін неғұрлым жоғары техникалық санатқа ауыстыра отырып, көліктік-пайдалану сапаларын, қозғалыс қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыруды қамтамасыз ететін жұмыстар кешені;
9-тармақша өзгертілді ҚР 28.12.2010 жылғы № 369-IV Заңымен (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)
9-1) автомобиль жолының учаскесі (бұдан әрі – жол учаскесі) – автомобиль жолының жалпы ұзындығы шегіндегі жол кесіндісі;
1- бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2013 жылғы № 112-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10) автомобиль жолының ұзындығы - километрлiк белгiлер бойынша нақты (жергiлiктi жерде) көрсетiлген, объектiлердiң немесе елдi мекендердiң арасындағы жолдың нақты ұзындығы;
11) ақылы автомобиль жолдары (жол учаскелері) – ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылданған және жүріп өту үшін ақы алынатын автомобиль жолдары (жол учаскелері);
11-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2013 жылғы № 112-V Заңымен (13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия