Кіріспе алынып тасталды ҚР 30.06.2025 жылғы № 205-VIII Заңына сәйкес (28.10.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) қосымша жарна - өзара сақтандыру қоғамы мүшесiнiң өзара сақтандыру қоғамының өзара сақтандыру ережелерiнде көзделген тәртiппен және жағдайларда қосымша енгiзетiн сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгi;
3) өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрi - қоғам) - өз мүшелерiнiң мүлiктiк мүдделерiн өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
1. Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi әрi осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
1. Өзара сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қоғам қызметінің құқықтық негіздерін анықтау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты болып табылады.
2. Сақтанушылардың, сақтандырылушылардың және пайда алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қоғам қызметі саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі міндеті болып табылады.