Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.11.2014
Мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 11 наурызда № 8372 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 9 қарашадан бастап ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 19.03.2014 жылғы № 08-1-1-1/87 Бұйрығына сәйкес
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1) 1-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының қызметтік паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
2) 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу жөніндегі құжаттарды рәсімдеуі» мемлекеттік қызмет регламенті;
3) 3-қосымшаға сәйкес «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік қызмет регламенті;
4) 4-қосымшаға сәйкес «Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті;
5) 5-қосымшаға сәйкес «Шетелдердегі Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар ресімдеуге құжаттарды қабылдау және олардың паспорттарына қажетті белгілер қою» мемлекеттік қызмет регламенті;
6) 6-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелдердегі азаматтарының азаматтық хал актілерін тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
7) 7-қосымшаға сәйкес «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті;
8) 8-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының кемелеріне қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген кез келген декларацияны немесе басқа құжатты жасау немесе куәландыру» мемлекеттік қызмет регламенті;
9) 9-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының шетелде орналасқан кемелері апатқа ұшыраған жағдайда теңіз наразылығы туралы акт жасау» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
2. Консулдық қызмет департаменті осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Р.С. Жошыбаевқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 08-1-1-1/42-1 бұйрығына
1-қосымша
«Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. «Қазақстан Республикасының қызметтiк паспорттарын беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
Полная версия
ИС BestProfi