Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1271 Жарлығы
Осы Жарлыққа өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР Президентінің 06.09.2025 жылғы № 984 Жарлығына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.11.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1 -бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереже;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратын, оның филиалдарын және өкілдігін қоса алғанда жалпы штат саны 2161 бірлік болып бекітілсін.
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 18.04.2011 жылғы № 61 Жарлығымен (01.04.2011 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.04.2011 жылдан бастап);
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 27.09.2010 жылғы № 1072 Жарлығымен (09.11.2009 ж. редакцияны қараңыз);
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 10.12.2004 жылғы № 1495 Жарлығымен (31.12.2003 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 803 Жарлығымен (08.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 23.04.2019 жылғы № 31 Жарлығына сәйкес (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.08.2022 жылғы № 985 Жарлығына сәйкес (29.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр Жарлықтарының күшi жойылды деп танылсын.
4. Осы Жарлық 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1271 Жарлығымен
БЕКІТІЛДІ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ЕРЕЖЕ
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2012 жылғы № 458 Жарлығымен (12.08.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 30.01.2014 жылғы № 744 Жарлығымен (13.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.10.2014 жылғы № 923 Жарлығымен (30.01.2014 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 09.06.2016 жылғы № 276 Жарлығымен (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 08.08.2017 жылғы № 529 Жарлығымен (26.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2017 жылы № 152 (28531) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 12.12.2018 жылғы № 803 Жарлығына сәйкес (08.08.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 23.04.2019 жылғы № 31 Жарлығымен (12.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығымен (23.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 10.04.2020 жылғы № 304 Жарлығымен (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 18.02.2021 жылғы № 514 Жарлығымен (10.04.2020 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 29.12.2021 жылғы № 722 Жарлығымен (18.02.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 06.10.2022 жылғы № 1037 Жарлығымен (17.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 15.08.2023 жылғы № 305 Жарлығымен (06.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)
Ереже өзгертілді ҚР Президентінің 07.12.2023 жылғы № 407 Жарлығымен (15.08.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 06.09.2025 жылғы № 984 Жарлығына сәйкес (07.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, мемлекеттің ақша-кредит саясатын (бұдан әрі – ақша-кредит саясаты) әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін, валюталық реттеу мен валюталық бақылауды, статистикалық қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдарын және өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы саласындағы мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Қазақстан Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді.
2. Қазақстан Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеге (бұдан әрі – Ереже) сәйкес жүзеге асырады.
3. Қазақстан Ұлттық Банкі республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері және ерекшелік белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тілдерінде өзінің атауы жазылған мөрлері мен қазақ және орыс тілдерінде өзінің атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады.
Қазақстан Ұлттық Банкі өзінің филиалдарымен, өкілдіктерімен, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарымен (бұдан әрі – Қазақстан Ұлттық Банкінің ұйымдары) бірге тікелей бағыну схемасындағы біртұтас орталықтандырылған құрылымды құрайды.
Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалдары (бұдан әрі – филиал) Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесінің шешімімен ашылады, оған есеп береді және өз қызметін Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген өкілеттіктер шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық Банкінің Директорлар кеңесі бекітетін филиалдың құрылымына құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктері Қазақстан Ұлттық Банкінің филиалы туралы ережеде айқындалатын бөлімдер мен басқа да бөлімшелер кіруі мүмкін.
Полная версия
ИС BestProfi