Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмаcын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Внимание! Документ утратил силу с 17.07.2015
Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8414 тіркелді
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 17.07.2015 жылғы № 128 Қаулысына сәйкес
Редакция 25.12.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – Ұйым):
1) әрбір жеке жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі – Қор) инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін мынадай қаржы құралдарына:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
қор биржасының ресми тізіміне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қор биржасында айналымына жіберілетін (жіберілген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тізімінің бөлек санаттары туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген «акциялар» секторының бірінші (ең жоғарғы) санаты бойынша енгізілген, жай акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі ұйымдар шығарған акцияларға, сондай-ақ базалық активі осы акциялар болып табылатын депозитарлық қолхаттарға;
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
акцияларының елу пайызынан астамы Қазақстан Республикасының Үкіметіне, ұлттық холдингке, ұлттық басқарушы холдингке не ұлттық компанияға тиесілі, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің және олардың еншілес рейтингілік ұйымдарының (бұдан әрі – басқа рейтингілік агенттіктер) ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар ұйымдар шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Эмитентте және (немесе) қаржы құралында халықаралық шкала бойынша бірнеше рейтингілік баға болған кезде есепке уәкілетті орган мойындайтын рейтингілік агенттіктердің бірінің халықаралық шкала бойынша ең жоғарғы рейтингілік бағасы алынады;
акцияларының жүз пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі ұйым шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ» төмен емес тәуелсіз рейтингі немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар шет мемлекеттердің орталық үкіметтері шығарған мемлекеттік мәртебеге ие бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар шетелдік ұйымдар шығарған мемлекеттік емес борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар екінші деңгейдегі банктер шығарған борыштық бағалы қағаздарға, Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде отыз алты айдан аспайтын мерзімге салынған салымдарға;
Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «ВВВ-» төмен емес рейтингілік бағасы немесе басқа рейтингілік агенттіктердің бірінің ұқсас деңгейдегі рейтингілік бағасы бар мына халықаралық қаржы ұйымдары:
Халықаралық қайта құру және даму банкі;
Еуропа қайта құру және даму банкі;
Америкааралық даму банкі;
Халықаралық есеп айырысу банкі;
Полная версия