Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 09.08.2011
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 14 желтоқсан N 1639       
Күші жойылды ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен.(алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді: 
1. "Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 26 маусымдағы N 942  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 317-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сатудың ережесiнде: 
кiрiспе "жекешелендiру" деген сөздiң алдынан "аукциондар мен тендерлерде" деген сөздермен толықтырылсын; 
3) тармақшадағы "заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарындағы акциялар мен үлестер" деген сөздер "акционерлiк қоғамдардың акциялары мен шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталдарындағы үлестер" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "17-1) "Ағымдағы баға" - аукционда сауда-саттық барысында 
қалыптасатын жекешелендiру объектiсiнiң бағасы;";
     19) тармақшадағы "ұсынған сауда-сатыққа Қатысушы" деген сөздер 
"ұсынған тендерге Қатысушы" деген сөздермен ауыстырылсын;
     2-тармақтағы "мемлекеттiк мүлiкке иелiк етуге, пайдалануға және билiк 
етуге" деген сөздер "осындай шешiм қабылдауға" деген сөздермен 
ауыстырылсын;
     5-тармақтың бiрiншi абзацындағы "ол сатылғанға" деген сөздер "сатып 
алушыға меншiк құқығы көшкенге" деген сөздермен ауыстырылсын;
     8-тармақта:
     бiрiншi абзацтағы "ерекше" деген сөз алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
     "1-1) жекешелендiру әрбiр объектiсi бойынша сауда-саттықтардың түрiн 
айқындау;";
     10-тармақта:
     1) тармақшадағы "заңды тұлғалар" деген сөздер "шаруашылық 
серiктестiктер" деген сөздермен ауыстырылсын;
     12-тармақтың бiрiншi абзацындағы "7" деген сан "5" деген санмен 
ауыстырылсын;
     13-тармақта:
     бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
     "Комиссия Сатушының тапсырмасы бойынша мынадай функцияларды жүзеге 
асырады:";
24-тармақтағы "сауда-саттықтардың өтуiне бiр күн" деген сөздер "тендердiң өтуiне бiр күн және аукционның өтуiне бiр сағат" деген сөздермен ауыстырылсын; 
мемлекеттiк тiлдегi мәтiнiне қатысы жоқ; 
4) тармақшадағы "коммерциялық" деген сөздiң алдынан "жабық конвертте берiлетiн" деген сөздермен толықтырылсын; 
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 
"5) инвестициялық тендерге қатысу үшiн жекешелендiру объектiсiн сатып алу бағасы туралы ұсыныс көрсетiлген өтiнiм және инвестициялық бағдарлама (бизнес-жоспар) жабық конвертте берiледi;"; 
сегiзiншi абзацтағы "Заңды тұлғалар" деген сөздер "Қазақстан 
Республикасының заңды тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
     тоғызыншы абзацтағы "жарғылық капиталдағы мемлекеттiң үлесi туралы 
және" деген сөздер алынып тасталсын;
     мынадай мазмұндағы оныншы абзацпен толықтырылсын:
     "Шетелдiк заңды тұлғалар құрылтай құжаттарын орыс тiлiндегi 
нотариалдық расталған аудармасымен ұсынады.";
     27-тармақтың 1) тармақшасы "Қатысушыдан" деген сөзден кейiн 
"аукционға" деген сөзбен толықтырылсын;
     30-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Ең төменгi баға белгiленген жағдайда, жекешелендiру объектiсi одан 
төмен бағаға сатыла алмайды.";
     35-тармақтың соңғы сөйлемiндегi "10" деген сан "5" деген санмен 
ауыстырылсын;
     42-тармақтағы "5-15" деген сандар "1-15" деген сандармен ауыстырылсын;
     56-тармақтың 1) тармақшасындағы "5" деген сан "10" деген санмен 
ауыстырылсын;
     58-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
     "Егер қамтамасыз етудің өзге тәсілі сатып алу-сату шартымен 
көзделмесе, сатып алушы алған жекешелендіру объектісіне Сатушының кепіл 
құқығы төлемдердің уақытылы өтелуін қамтамасыз етуге қызмет етеді.";
     59-тармақтың үшінші абзацы алынып тасталсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
      
     
Мамандар:
     Багарова Ж.А.,
     Қасымбеков Б.А.    
      
      
Полная версия
ИС BestProfi