Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 Қаулысы
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 желтоқсандағы № 1396 қаулысына қосымша
Күші жойылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдері мен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының Жер қойнауын пайдалану мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін құру тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1444 қаулысы.
2. «Өнеркәсіп саласындағы біліктілік талаптарына лицензиялау субъектілерінің сәйкестігін сараптамалық бағалауды жүзеге асыру үшін тәуелсіз сарапшыларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 шілдедегі № 778 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 27, 361-құжат).
3. «Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 219 қаулысы.
4. «Қазақстан Республикасының электр энергетикасындағы нарықтық қатынастарды одан әрі жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 шілдедегі № 1096 қаулысы.
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 18 маусымдағы № 613 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 39, 342-құжат).
6. «Тауарлардың шығу тегі туралы сертификаттарды беру мен куәландырудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 192-ө өкімі.
Полная версия