Близость слов: Окончание:





"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының жарғысын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 1418 Қаулысы
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.08.2022 жылғы № 522 Қаулысына сәйкес (20.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» АҚ) жарғысы бекітілсін.
2. «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының төрағасы қоса беріліп отырған «Самұрық-Қазына» АҚ-ның жарғысына қол қойсын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 8 қарашадағы
 № 1418 қаулысымен
 бекітілген
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғысы
1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор) «Қазына» орнықты даму қоры» және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамдарын біріктіру жолымен «Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі және тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және «Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қаулысына сәйкес құрылды.
Қор «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» және «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамдарының құқықтары мен міндеттерінің заңды мирасқоры болып табылады.
1) мемлекеттік тілде – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы;
2) орыс тілінде – акционерное общество «Фонд национального благосостояния «Самұрық-Қазына»;
3) ағылшын тілінде – joint-stock company «Sovereign Wealth Fund «Samruk-Kazyna»;
Полная версия
ИС BestProfi