Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 17.10.2012 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесін, лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын және экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 12 маусымдағы N 578 Қаулысы       
Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  
1) Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің, экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі;
2) лицензиялау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары;
3) экспорты мен импорты лицензиялануға тиіс тауарлардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2008 жылғы 12 маусымдағы
 N 578 қаулысымен
 бекітілген
Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортын, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының "Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы " 1999 жылғы 16 шілдедегі, "Лицензиялау туралы " 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Экспорттық бақылау туралы " 2007 жылғы 21 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі, сондай-ақ жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде қызметті лицензиялау кезіндегі қызметті лицензиялау тәртібін айқындайды. 
1-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2008 № 861 Қаулысымен (12.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
2. Лицензиялауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті жүзеге асыратын этил спирті мен алкоголь өнімінің импортын қоспағанда, тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импорты жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Өнеркәсіп комитеті жүзеге асырады. 
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитеті жүзеге асырады. 
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.09.2008 № 861 Қаулысымен (12.06.2008 жылғы редакцияны қараңыз).(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз)
3. Жеке және заңды тұлғалар лицензиялау субъектілері болып табылады.
4. Тауарлардың, оның ішінде экспорттық бақылауға жататын өнімнің экспорты мен импортына арналған лицензия және жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде берілетін лицензия (бұдан әрі - лицензия) иеліктен алынбайтын болып табылады және оны лицензиат басқа жеке немесе заңды тұлғаға бере алмайды.
5. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау, егер:
1) ішкі нарықта оларды сату (өткізу) немесе пайдалану лицензия негізінде жүзеге асырылатын тауарлар экспортының мәні болып табылған;
Полная версия
ИС BestProfi