Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 06.06.2006 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 956 қаулысы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Топырақ және геоботаникалық зерттеулердi жүргiзуде қайталауға жол бермеу, жер мониторингi деректерiнiң сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер ресурстарын басқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға топырақтық, топырақтық-тұздық, топырақтық-эрозиялық, топырақтық-агрохимиялық, топырақтық-геохимиялық, топырақтық-мелиорациялық, геоботаникалық зерттеулер мен тексерулердiң бiрыңғай мемлекеттiк есебiн, сондай-ақ көрсетiлген зерттеулер мен тексерулердiң негiзiнде жасалатын тақырыптық карталардың, картограммалардың сараптамасын жүргiзу жүктелсiн.
3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 
"Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 қыркүйектегi N 1347 қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1997 ж., N 41, 390-құжат); 
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 11 маусымдағы N 800 қаулысының  1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 21, 269-құжат).
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2003 жылғы 19 қыркүйектегі
 N 956 қаулысымен
 бекiтiлген Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу
 және оның деректерiн пайдалану ережесi
1. Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасында жер мониторингiнiң мазмұнын, құрылымын, оны жүргiзу және оның деректерiн пайдалану тәртiбiн белгiлейдi.
жердiң тозуы - жердiң табиғи ортаның элементi ретiндегi функциясының өзгеруiне, оның сандық және сапалық жағдайының нашарлауына, табиғи-шаруашылық мәнiнiң төмендеуiне әкеп соқтыратын процестер жиынтығы; 
стационарлық учаске - әр түрлi табиғи-климаттық аймақтарда, провинцияларда, биiктiк белдеулерiнде өсiмдiктер мен топырақтың жамылғысы жағдайын ұзақ уақыт (10 жылдан астам мерзiмге) тұрақты бақылау мақсатында ұйымдастырылатын жер учаскесi; 
түйiндi учаске - өсiмдiктер мен топырақтың құрамын және сипатын, олардың белгiлi бiр ландшафтың табиғи жағдайларымен байланысын қажетті нақтылықпен көрсететiн жергiлiктi жердегi үлгi учаске; 
полигон - белгiлi бiр ландшафтың түрлерiн (құмдар, тау етегi жазықтықтары, таулар) сипаттайтын әр түрлi конфигурациялы аумақ.
3. Жер мониторингiнiң мазмұны - жер қорының жай-күйiн жүйелi түрде бақылау (суретке түсiру, iздестiру, зерттеу), онда болып жатқан өзгерiстердi анықтау және оларға баға беру.
4. Жер мониторингiнiң құрылымы жердiң негiзгi нысаналы мақсатымен және аумақтық ауқымымен айқындалады.
Полная версия
ИС BestProfi