«Ақша төлемі мен аударымы туралы» 1998 жылғы 29 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 29.10.2014
Қазақстан Республикасыңың аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2014 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2014 жылғы № 1147 Қаулысына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлері бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру (қызметтер көрсету) кезінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдер қабылдауға міндетті сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының санаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1328 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 629-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 820 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 6-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 47, 643-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1743 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыру кезінде дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар өз қызметін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдауға міндетті жекелеген қызмет түрлері
Р/с № | Қызмет түрлерінің атауы* |
1 | 2 |
1 | Автомобильдер мен мотоциклдерді көтерме және бөлшек саудада сату, оларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
2 | Көтерме және бөлшек сауда** |
3 | Компьютерлер мен тұрмыстық тауарларды жөндеу * * |
4 | Қонақүйлердің қызмет көрсетуі |
5 | Мейрамхана қызметтерін көрсету, тамақтануды ұйымдастырудың өзге де түрлері мен сусындар беру** |
6 | Әуе және теміржол көлігіне жол жүру құжаттарын (билеттерді), багаж және жүк-багаж түбіртектерін сату |
7 | Жүктерді көліктік өңдеу, қоймаға жинау мен сақтау жөніндегі қызметтерді, тасымалдау жөніндегі қосымша қызметтер мен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету |
8 | Туризм саласында қызметтер көрсететін туристік операторлардың, туристік агенттіктердің және өзге де ұйымдардың қызметі |
9 | Сақтандыру саласындағы қызмет |
10 | Денсаулық сақтау саласындағы қызмет |
11 | Білім беру саласындағы қызмет |
12 | Кинофильмдерді тарату, бейне және телевизиялық бағдарламаларды, кинофильмдерді көрсету қызметі |
13 | Фитнес, спорттық клубтар, дискотекалар қызметі |
14 | Құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру жөніндегі қызмет |
15 | Жеке күзет қызметтерінің қызметі |
16 | Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультациялар |
17 | Құқық саласындағы қызмет |
18 | Боулинг (кегельбан) және бильярд бойынша қызметтерді ұсыну |
Ескертпе:
*Көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыратын жерлерде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлем карточкаларын қабылдауға арналған жабдық (қондырғы) орнатуды қамтамасыз етуге, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді қабылдау:
1) жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі жоқ жерлердегі дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты;
2) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін арнаулы салық режимі қолданылатын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қатысты қолданылмайды.
**Өздері өндіретін ауылшаруашылығы өнімдерін, өздері өндіретін акваөсіру (балықшылық) өнімдерін, далаға шығарылатын сату сөрелері, автодүкендер, шатырлар, киоскілер, контейнерлер және сауда базарларының аумағында арқылы қызметін жүзеге асыратын көтерме және бөлшек сауданы қоспағанда.
Полная версия