Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.07.2017
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 859 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 26 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 20.07.2017 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
«Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрінің 24.01.2017 жылғы № 28 Бұйрығын қараңыз
Редакция 22.05.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы » 2005 жылғы 7 қаңтардағы және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы » 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2012 жылғы 27 маусымдағы
 № 859 қаулысымен
 бекітілген
Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары
1. Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке алу Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы » 1997 жылғы 16 маусымдағы, «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы » 2005 жылғы 7 қаңтардағы, «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы » 2012 жылғы 16 ақпандағы, «Арнайы мемлекеттік органдар туралы » 2012 жылғы 13 ақпандағы заңдарына және осы Қағидаларға сәйкес ұйымдастырылады.
3. Әскери есепке алу тұрақты жүзеге асырылады және:
1) әскери-есептік мамандығы жоқ әйелдерді;
2) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңына сәйкес әскери міндеттілікті атқарудан босатылған адамдарды;
3) бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан адамдарды;
4) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде тұрақты тұратын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарын қамтиды.
4. Әскери есепке алудың мақсаты мемлекет қорғанысын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскерге шақырылатын және жұмылдырылатын адами ресурстарды тиімді пайдалану мүддесінде олардың бар болуын айқындау болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi