Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қыркүйектегі N 855 Қаулысы
Редакция 23.12.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
"Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласында "Есіл" ауданын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 5 тамыздағы N 637 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін: 
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 23.12.2015 жылғы № 1034 Қаулысымен (18.09.2008 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.12.2015 жылы № 249 (28727) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы N 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 49, 627-құжат): 
"Барлығы, штат саны* (бірлік)" деген бағанда: 
"Астана қаласы" деген жолдағы "1011" деген сандар "1043" деген сандармен ауыстырылсын; 
"ЖИЫНЫ:" деген жолдағы "47492" деген сандар "47524" деген сандармен ауыстырылсын. 
2. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі және Астана қаласының әкімі белгіленген тәртіппен: 
1) өзінің бұрын шығарылған актілерін осы қаулыға сәйкес келтірсін; 
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi