Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1087 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-02/163 Бұйрығын қараңыз
Редакция 18.10.2013 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу қағидалары бекітілсін.
1) «Орман қорының мемлекеттік есебін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қарашадағы № 1182 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 44, 482-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 1-тармағының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 27 тамыздағы
 № 1087 қаулысымен
 бекiтiлген
Орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу қағидалары
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес әзiрлендi және орман қорын мемлекеттiк есепке алуды жүргiзу тәртiбiн айқындайды (бұдан әрі – Қағидалар).
2. Орман қорын мемлекеттiк есепке алу (бұдан әрi – есепке алу) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орман қорын күзетуді, қорғауды, ормандарды молықтыру мен орман өсiрудi, орман пайдалануды, орман қорының сандық және сапалық өзгерiстерiне жүйелi бақылау жасауды ұйымдастыру және мемлекеттiк органдарды, мүдделi жеке және заңды тұлғаларды орман қоры туралы ақпаратпен қамтамасыз ету үшiн жүргiзiледi.
Ерекше қорғалатын орманды аумақтар мемлекеттік орман қоры құрамында жеке бөлінеді және ескеріледі.
Мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың шекараларында орналасқан мемлекеттік табиғат ескерткіштері солардың құрамында ескеріледі.
3. Ескерiлетiн көрсеткiштерiне байланысты есепке алу жыл сайынғы және кезеңдiк есепке алу болып бөлiнедi, олар есептi жылдан кейiнгi жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жүргiзiледi.
4. Жыл сайынғы есепке алуды жүргiзу кезiнде аудандар, қалалар, облыстар және республика бойынша төменде көрсетілген деректер:
1) мемлекеттiк орман қорының санаттары бойынша мемлекеттiк орман қоры алқаптарының алаңдары (мемлекеттiк орман иеленушiлер бойынша);
2) жекеше орман қорының алаңдары (жекеше орман иеленушiлер бойынша) ескерiледi.
5. Кезеңдiк есепке алу бес жылда бiр рет жүргiзiледi.
Кезеңдiк есепке алуды жүргiзу кезiнде басым ағаш және бұта тұқымдылары мен жас топтары бойынша сүрек қорларының бар-жоғы, орман шаруашылығын жүргiзу және орман иеленушiлер мен орман пайдаланушылардың шаруашылық қызметiн бағалау үшiн қажет орман қорының қорғалу және экономикалық сипаттамалары туралы жыл сайынғы есептiң деректерiне қосымша деректер ескерiледi.
6. Орман қорының алаңы 0,05 гектардан асатын (дөңгелектеп алғанда 0,1 гектарға дейiн) барлық учаскелерi есепке алынуға жатады. Орман қорын есепке алуды жүргізу жөніндегі құжаттамада мәлiметтер тұтас гектарлар күйiнде келтiрiледi.
7. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
7-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 18.10.2013 жылғы № 1102 Қаулысымен (27.08.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 19.10.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
«1) орман қорын қорғау, күзету, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – уәкілетті органның ведомствосы);
2) мемлекеттік орман орналастыру ұйымы – орман және аңшылық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы қарауындағы «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Қазақ орман орналастыру кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, оның қызметі орман ресурстарының есебін, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттік мониторингін, орман шаруашылығын жүргізу мен орман пайдалануды жоспарлауды қамтамасыз етуге бағытталған.
2. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізу тәртібі
8. Есепке алу құжаттамасын жүргiзу тәртiбiн, есепке алу көрсеткiштерiнiң тiзбесiн, тиiстi құжаттардың нысандарын, есепке алу материалдарын беру мерзiмдерiн уәкiлеттi органның ведомствосы айқындайды.
9. Мемлекеттiк орман қорында есепке алынуға:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерiндегi табиғи және қолдан өсiрiлген ормандар (орманды және ағаш өспеген алқаптарды қоса алғанда);
2) мемлекеттiк орман қоры жерлерiндегi орман шаруашылығының мұқтаждықтары үшiн берiлген табиғи және қолдан өсiрілген ормандар, сондай-ақ орман өсiмдiктерi өспеген жер учаскелерi;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темiр жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральдық құбырлар мен басқа да желiлiк құрылыстардың бөлiп берiлген белдеулерiндегi енi он метр және одан кеңiрек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық екпелер жатады.
10. Жекеше орман қорының құрамында есепке алынуға жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман өсіру үшін нысаналы мақсатпен Қазақстан Республикасы Жер  кодексіне сәйкес жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген жерлерде солардың қаражаты есебінен құрылған:
2) тұқымнан және (немесе) өсу жолымен пайда болған табиғи өсіп-өнген екпелер;
4) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер;
6) жеке меншіктің қарауындағы шаруашылық мақсаттағы автомобиль жолдарының бөлiп берiлген белдеулерiндегi қорғаныштық екпелер жатады.
11. Есепке алу деректерi жыл сайын жаңартылып тұрады. Жаңарту және есепке алу құжаттарына өзгерiстер енгiзу орман орналастыру материалдарына сәйкес жүргізіледі, оларды жыл сайын орман иеленушілер есепке алу деректеріне мына көрсеткіштердің негізінде енгізеді:
1) шаруашылық қызметпен қамтылған немесе табиғи факторлардың салдарынан (өрттер, су тасқындары, жер сілкіністері, селдер және басқа да төтенше жағдайлар) өзгерiстерге ұшыраған учаскелердi көзбен шолып куәландыру актiлерi;
жер учаскелерiн орман қорының жерлері және (немесе) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерi санатына қосу;
мемлекеттік орман қорының жерлерін алу;
мемлекеттiк орман қорын санаттарға жатқызу, бiр санаттан басқасына ауыстыру, сондай-ақ ерекше қорғалатын учаскелерді бөлiп алу;
мемлекеттiк орман қорында ормансыз жерлерді орман шаруашылығын жүргiзумен және орман пайдаланумен байланысты мақсаттарда пайдалану үшiн оларды орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорындағы ормансыз жерлердi орманды жерлерге ауыстыру;
мемлекеттiк орман қорының жерлерiн орман шаруашылығын жүргiзумен байланысты емес мақсаттар үшiн басқа санаттар жерiне ауыстыру және (немесе) мемлекеттiк орман қорының жерлерiн мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн алу жөнiндегi шешiмдерi.
12. Есеп жүргізуді ақпарат жинаудың, өңдеудiң және сақтаудың электронды жүйелерiн, сондай-ақ қағазға басылған нұсқаларын пайдалана отырып мемлекеттік орман орналастыру ұйымы жүзеге асырады.
Автоматтандырылған ақпараттық есепке алу жүйелерi мамандандырылған бағдарламалық-техникалық кешендер базасында құрылады, олардың жұмыс iстеу тәртiбiн уәкiлеттi органның ведомствосы айқындайды.
13. Аудандық жер қатынастары бөлімдерінде бекітілген есепке алуды жүргiзу үшiн қажет материалдарды есепті жылдан кейінгі жылдың 20 қаңтарына уәкілетті органның ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне электронды және қағазға басылған күйінде:
1) облыстардың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары мен өзге мемлекеттік органдар өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман иеленушілер бойынша;
2) уәкiлеттi орган ведомствосының қарауындағы мемлекеттiк орман иеленушілер;
14. Уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері берiлген есепке алу материалдарын тексереді, оларды өңдейдi және облыстардың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органымен келiсім бойынша оларды есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына электронды және қағазға басылған күйінде мемлекеттік орман орналастыру ұйымына жiбередi.
15. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы есепке алу материалдарын есептік жылдан кейінгі жылдың 4 ақпанына дейін тексереді. Дәлсiздiктер байқалған және (немесе) толық көлемде берілмеген жағдайларда есепке алу материалдары пысықтауға қайтарылады. Пысықталған есепке алу материалдары есептік жылдан кейінгі жылдың 10 ақпанына дейін мемлекеттік орман орналастыру ұйымына қайта жіберіледі.
16. Мемлекеттік орман орналастыру ұйымы есепке алу деректерiн аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша өңдеп, есепті жылдан кейінгі жылдың 20 наурызына түсіндірме жазбахатпен уәкілетті органның ведомствосына қарауға және бекітуге электронды түрде, сондай-ақ қағазға басылған нұсқада жолдайды.
17. Уәкілетті органның ведомствосы есепке алу деректерін аудандар, қалалар, облыстар және жалпы республика бойынша орман қорының жыл сайынғы және кезеңдік есептерін бекітеді.
18. Есепке алуды жүргiзу республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
Полная версия
ИС BestProfi