Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 30.11.2015
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 853 Қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 30 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 31.10.2015 жылғы № 870 Қаулысына сәйкес
«Мемлекеттік орман қоры аумағында орман қорының мемлекеттік есебін, мемлекеттік орман кадастрын, ормандардың мемлекеттік мониторингін және орман орналастыруды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 27.02.2015 жылғы № 18-02/163 Бұйрығын қараңыз
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мемлекеттік орман кадастры мен ормандардың мемлекеттік мониторингін жүргізу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 ақпандағы № 188 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 105-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қыркүйектегі № 1002 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырудың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 746-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкiметiнiң
 2012 жылғы 26 маусымдағы
 № 853 қаулысымен
 бекiтiлген
Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары
1. Осы Мемлекеттік орман кадастрын жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман кадастрын жүргізу тәртібін белгiлейдi.
2. Мемлекеттік орман кадастры Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстарының мемлекеттiк кадастрлары бiрыңғай жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады және оны осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік орман орналастыру ұйымы бiрыңғай жүйе бойынша жүргiзедi.
3. Мемлекеттiк орман кадастры мемлекеттік жер кадастрымен өзара байланысты. Мемлекеттік орман кадастрын жүргiзу үшiн қажетті орман қорының жер учаскелерi туралы мәлiметтер мемлекеттік жер кадастрынан алынады.
2. Мемлекеттiк орман кадастрын жүргiзу тәртiбi
4. Мемлекеттік орман кадастрының құжаттамасы:
1) қысқаша түсіндірме жазбахаты бар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орман кадастрының кітабы;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәліметтер;
3) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының  2011 жылғы 16 наурыздағы № 80 бұйрығымен бекітілген «Орман қорының мемлекеттік есебі және орман қорын мемлекеттік орман қорының санаттары мен жерлері бойынша бөлу» ведомстволық статистикалық байқауының статистикалық нысаны болып табылады.
Полная версия
ИС BestProfi